Мазмұнға өту

Тарихи сәт! Михаил Шайдоров — Милан Олимпиадасының чемпионы

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды.

Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.

Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):

1-орын. Михаил Шайдоров — 291.58 ұпай

2-орын. Юма Кагияма (Жапония) — 280.06 ұпай

3-орын. Шун Сато (Жапония) — 274.90 ұпай

Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиадада бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған еді.

Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.

Бпспасөз қызметі


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6260

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.