Стамбұлда соңғы 41 жылда болмаған жаңбыр жауды

Стамбұлда 1985 жылдан бергі болмаған жаңбыр жауып, 41 жылдық рекорд жаңарды. Кейбір аудандарда бір шаршы метрге 242 келі жауын-шашын түсті. Қала тіршілігін қиындатқан нөсер салдарынан 14 жастағы бала электр тогына түсіп, қаза тапты. Қала бойынша мектептерде сабақ тоқтатылып, әкімдік тұрғындарға «аса қажет болмаса, сыртқа шықпаңыздар» деп ескертті.

Стамбұлдағы көлік кептелісінің деңгейі 89 пайызға жетіп, жол қозғалысы тоқырады. «Хажыосман» метро станциясын, Сарыер ауданындағы аурухананы, үйлердің жертөлелері мен көптеген жерасты өткелдерін су басты. Сұлтанғазы ауданында мектептің, ал Маслакта бір ғимараттың тіреу қабырғасы құлады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Стамбұл әкімдігі мотоциклдердің, мотокурьерлердің және электр самокаттарының жолға шығуына уақытша тыйым салды.

Кағытхане мен Әлібей өзендері арнасынан тасып, Есенлер, Сарыер және Аязаға секілді аудандарда көптеген көлік су астында қалды немесе оларды сел ағызып әкетті.

Апаттарды үйлестіру орталығының (AKOM) және метеорология қызметінің мәліметінше, қатты дауыл мен жауын-шашын кешегідей төтенше деңгейде болмаса да, бүгін, 15 қазан, бейсенбі күні түске дейін жалғасады. Түстен кейін жауынның қарқыны бәсеңдегенімен, толық тоқтамайды. Жұма және сенбі күндері де Стамбұлда ара-тұра нөсер жауып, күн күркірейді деген болжам бар. Апталық болжамға сәйкес, күн жексенбіден бастап қана ашыла бастайды.

Related posts

«ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА: БАҚ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР»

ttjk

Жеке куәлік, вакциналау паспорты және басқа да цифрлы құжаттар Halyk Homebank-те қолжетімді

ttjk

İstanbul Hosted the Famous Tenor Andrea Bocelli’s Amazing 30th Anniversary Concert

Назия Жоямергенқызы