«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

Каир қаласындағы кітап көрмғсінде жаңа шығарманың тұсаукесері өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 5 қаңтарында жазған танымал мақаласында шетелаудиториясына арналған Қазақстанның қысқашатарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынған еді.

2022 жылдың 31 қаңтарында Каир халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Қ.Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілдерінің бірі саналатын араб тіліне аударып, брошюра шығарды. Басылым Қазақстан туралы фотосуреттермен безендіріліп, араб тілді аудиторияның қабылдауын қазақ халқының тарихына бейімдейтін анықтамалық ақпаратпен толықтырылған.

Брошюраның тұсаукесеріне Каирде аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары, талдау орталықтары мен институттардың басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Елші Қайрат Лама Шариф Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да салалардағы жетістіктерін, еліміздің халықаралық сахнадағы жоғары беделін атап өтті.

Қазақстандық дипломат қайғылы қаңтар оқиғасының зардаптары, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа саяси және әлеуметтік реформалар туралы баяндап берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы араб оқырмандарына жаңа Қазақстанды тануға бағдаршам болатынына сенім білдірді.

«Хиуар» («Сұхбат») саяси зерттеулер Орталығының директоры, доктор Ахмед Тахер Елшіліктің аудармасы уақтылы әрі өзекті деп атады. «Бұл Қазақстан мен Мысыр халықтарыныңөзара құрметін нығайтуға ықпал ететін маңызды ғылыми ресурс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы Тәуелсіз Қазақстанның тарихын объективті бағалауға мүдделі мысырлық зерттеушілердің қолдауына ие болатындығына сенімдімін»деді Орталық басшысы.

Публицист-журналист Әбу Бакр Әбу Мәжид «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала Қазақстанның мақтаныш сезімін арттырып, қазақ халқының тарихын тереңірек бағалауға мүмкіндік беретін заман талабы екенін атап өтті.

«Тахрир» саяси зерттеулер Орталығының директоры доктор Имад           әл-Азрак Қазақстан Мысырдың өңірлік мәселелердегі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. «Бізді халықаралық терроризмге және қазіргі әлемнің басқа да сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимылдың өзекті қажеттілігін түсіну, дінаралық және өркениетаралық диалогты тереңдетудің баламасыздығын сезіну біріктіреді» — баяндады ол.

«әл-Жумхурия» («Республика») газеті бас редакторының орынбасары доктор Мұхаммед Талғат өз сөзінде «Мысыр журналистикасының салмағы орасан зор, өйткені ол адамдардың пікірімен көңіл-күйін, олардың құндылығын, моральдық, саяси бағдарларын қалыптастырады. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы журналистер қауымдастығы арасында жан-жақты кәсіби пікірталас пен оңтәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік туғызатындығын» сөз етті.

Мысырлық сарапшылар Қазақстан көшбасшының осы жұмысын басып шығару араб оқырмандардың көпшілігіне тәуелсіз Қазақстанның қызықты тарихымен танысуға, Қазақстан мен Египеттің өзара тиімді екіжақтыынтымақтастықты белсенді нығайтып кележатқанының айқын дәлелі болуға мүмкіндікберетініне назар аударды.

Қазақстанның Египеттегі Елшілігінің баспасөз қызметі.

Related posts

STEM байқауының нәтижелері жарияланды

ttjk

TikTok-тан 1,2 миллионнан астам балалар аккаунты өшірілді

editor

Ауқымды энергетикалық жобаларды тиімді жүзеге асыру қажет

Назия Жоямергенқызы