ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

Қожа Ахмет Ясауи – түркі халықтарының ғана емес, таратқан үндеулерімен дүние жүзінің де танымал тұлғасы. Ясауи тәрбиелеген шәкірттерін Азияның бір шетінен Еуропа, Анадолы және Африканың ортаңғы бөлігіне дейін жіберіп, адамдарды әділдік, қарапайымдылық, бірлік және сабырлылық идеяларына баулыған.
Ясауи жолын дүние жүзіне және, әсіресе, жас ұрпаққа қайтадан түсіндіру, сонымен қатар түркі мәдениеті мен мұрасын қорғау мен жетілдіру – бізге жүктелген жауапкершілік деген пікірді алға тарта отырып, ЮНЕСКО «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жариялаған 2016 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ТҮРКСОЙ бөлімімен бірлесе отырып, 2016 жылғы
18 ақпанда Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс болуының 850 жылдығына арналған Ясауи халықаралық семинар-практикумын ұйымдастырады.
Халықаралық ғылыми семинар-практикумге Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Рыза Каған Йылмаз, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің I-ші вице-президенті, профессор, доктор Мехмет Куталмыш, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркияның Ғылым академиялары мен университеттерінен келген ғалымдар мен оқытушылар қатысады. Yesevi.edu.kz@mail.ruОсы тақырыпқа байланысты ұйымдастырылатын семинар-практикумның мақсаты – түркі мәдениеті тарихымыздағы маңызды тұлғалардың бірі болған және ана тілі болып табылған түркі тілін қолдану арқылы ауқымды аудиторияға ықпал еткен алғашқы түркі сопысы Қожа Ахмет Ясауидің өмірін, шығармашылығын, идеяларын түсіндіру және осы салаларда жасалған зерттеулерге үлес қосу. Семинар-практикум түркі тілдес мемлекеттерден келген ғалымдарға Қожа Ахмет Ясауидің өмір сүрген ортасы, тұлғалығы, идеялары, қысқаша айтқанда, дін, адам және әлем туралы көзқарасы, осы көзқарастардың ықпал ететін салаларына бағытталған пікір-таласты өрбітуге мүмкіндік беретініне сеніміміз мол. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Мәметова к-сі, 48, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының конференц-залы
Күні: 2016 жылғы 18 ақпан

Related posts

БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ

ttjk

ҚАПШАҒАЙДАҒЫ «АҚ ЖАЙЫҚ» ДЕМАЛЫС БАЗАСЫ

ttjk

Cleanzone Middle East 2018

ttjk