Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» жедел көмекбағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты

Алматы, 8 ақпан Бағдарламаның төртінші кезеңіазаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларғаинновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.

«Qolda 4.0″ байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. 2022 жылдың сәуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр.

Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады:

1. Экономикалық бағыттағы жобалар;
2. Экологиялық бағыттағы жобалар;
3. Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан).

Толығырақ ақпаратты байқаудың https://qolda.org сайтынантабуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақытыбойынша). Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады.

Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электрондымекенжайларға жіберуіңізді өтінеміз: aliya@ef-ca.org, aizhan@ef-ca.org. Сондай-ақ, барлық мүдделі ұйымдардыжобаның Telegram-арнасына қосылуға шақырамызhttps://t.me/Qolda_project

Есіңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясы «Qolda» жедел көмек бағдарламасын жүзегеасырып келеді. Бағдарлама мақсатыхалыққа COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу.

2020 жылғы сәуірінен 2021 жылғы желтоқсанына дейін«Qolda» Қазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобаларынқолдады. Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамғажетті, ҮЕҰ 6000 волонтерді және 182 серіктесті тартты. Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясыхалықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға иеотбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратыннауқастар, толық емес не көп балалы отбасысы бар бұрынсотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.

 «Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық АзияныңЕуразия Қоры және «Шеврон» компаниясыныңсеріктестігімен жүзеге асырылып отыр.

   Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылыаймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергіліктіқауымдастықтарды нығайту мен азаматтық жәнеэкономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуғакөмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстардыжұмылдырады.

  «Шеврон»дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланғанэнергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өзоперацияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетугежәне дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегіаз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралықосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуғаболады.

 

Related posts

COVID-19: ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ОНЛАЙН ФОРУМЫ

ttjk

ІТ мамандар дайындаудағы жаңа тұжырымдама

ttjk

Enjoy your voyage over the bluest waters of Türkiye

ttjk