Еліміздің су қоймаларынан су жіберілуде

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 16 наурыздағы жағдай мынадай:

Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 1,16 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысында Ақтөбе су қоймасынан секундына 1 текше метр және Қарғалы су қоймасынан секундына 0,3 текше метр су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 36%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 552 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан секундына 421 текше метр су жіберілуде.

Абай облысында Шүлбі су қоймасынан секундына 651 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 5 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 14 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан секундына 3 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 15,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 13,9 текше метр су жіберілуде.

 

Related posts

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ОЙЫНДАРЫ: АСТАНАЛЫҚ ГРЭППЛИНГ ШЕБЕРЛЕРІ 3 ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Назия Жоямергенқызы

Денсаулық сақтау вице-министрі Абай облысындағы медицина саласының жағдайымен танысты

İstanbul’s Grand Bazaar hosts almost 40 million visitors in 2022

ttjk