Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы халықаралық сертификаттарын алды

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік тарапынан (IQAA) білім беру қызметі бағаланды.

«Анестезиология және реаниматология, кардиология және эндокринология бойынша білім беру бағдарламалары аккредиттелді. Институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуге сонымен қатар балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы, кардиология және эндокринология кіреді», – дейді Басқарма төрағасы Роза Қуанышбекова.

IQAA стандарттары мен критерийлеріне сәйкес ҒЗИ жетістіктері бағаланды (дамудың негізгі векторлары, алқалы басқару органдарының қызметі, түлектерді қолдау қызметі, оқыту сапасын қамтамасыз ету, резиденттер контингенті және оларды оқытып шығару, профессорлық-оқытушылық құрамның жетістіктері, материалдық-техникалық және клиникалық базаның, оқытудың ақпараттық ресурстарының болуы, білім беру процесін компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, институттың инфрақұрылымы және т. б.).

Сарапшылар резидентура тыңдаушыларының практикалық сабақтарына қатысып, жұмыс орындарын, клиниканың бөлімшелерін аралап, клиникалық базалардың резиденттердің оқу процесін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктері бар екендігі атап өтті.

Сарапшылар жұмыс берушілермен, резидентура тыңдаушыларымен, әр жылдардағы түлектермен сұхбаттасып, институттың білім беру бағдарламалары бойынша дайындығы мен білім алушылардың кәсіби білім алу сапасының жоғары екендігіне баға берді.Жұмыс берушілердің айтуынша, ҒЗИ резидентура түлектері теориялық және практикалық дағдылары мен қабілеттіліктерінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, түлектермен үнемі байланыс сақталатындығы аталып өтті. Резидентураның білім беру бағдарламалары барлық кәсіби және ғылыми талаптарға, әлеуметтік және кәсіби құзыреттерге сәйкес.

Резиденттің оқу кезеңінде жұмыс істейтін клиникалық бөлімшелеріндегі медицина ұжымы арасындағы қолайлы қарым-қатынас дәрігер қызметінің сәттілігін анықтайды. Білім беру бағдарламаларын іске асыру кәсіптік білім алуға, білім алушының еңбек ету қызметіне дайын болуына ықпал етеді. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын 100%-ды құрайды.

Бірінші басшы атап өткендей, «Институттың білім беру қызметі Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін бағытталған. Білім алушылардың барлық санаттарын даярлау және қайта даярлау үшін институттың барлық мүмкіндіктері бар.Профессорлық-оқытушылық құрамның кадрлық әлеуетінің жоғары деңгейі – институттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі элементтерінің бірі».

Related posts

ЖАС МАМАНҒА КӘСІБИ КЕҢЕСТЕР

ttjk

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ – ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ

ttjk

АЙЛЫҒЫ АЗДЫҢ САЛЫҒЫ ДА АЗ

ttjk