ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНАН — АФРИКАҒА КӨМЕК

Африка елдеріне Түркі мемлекеттері ұйымының атынан COVID-19 вирусына қарсы екпе көмек ретінде беріледі. Бұл туралы Стамбұлдың Демократия және бостандық аралында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының VIII саммитінде түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған мәлімдеді.

Ердоғанның айтуынша, Қазақстан мен Әзірбайжан — 100 000 дозадан, Венгрия — 210 000 доза, Түркия 2 миллион доза көлемінде екпе беруге келіскен. «Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан тарапынан қанша доза екпе берілетіні әзірге белгісіз», — деген Түркия басшысы қысқа уақыт аралығында аталған мемлекеттерден көмек жететінін және Түркияның ковидқа қарсы екпесі — «TURKOVAK» 2021 жылдың соңына дейін дайын болатынын айтты.

Нәзия Жоямергенқызы, Стамбұл, Түркия

Related posts

Мировые лидеры инсентив-туризма собрались в Стамбуле для глобальной конференции SITE

ttjk

Семейде ақын Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына орай «Сәуле ғұмыр» атты еске алу кеші өтті

Түркияның ең танымал керуен жолдары

ttjk