Тәуелсіздік – тәңір сыйы

«Тәуелсіздік» деген бір ғана сөзде қаншама мағына жатыр… Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес рухани байлығы. Әр ел үшін маңызды сөз. Еркіндік… Қазақстан осы лауазымға ие болғанына 30 жыл болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Бірақ Тәуелсіздікке қандай жолмен жеткеніміз әр жыл сайын жүректі қыңжылтады, көзге жас келеді. Желтоқсан желі ызғарлы…

Қазақ жастарының қайраттылығының арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған — Түркия елі. Үлкен елдің қолдауымен барша әлем елдері мойындады. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзінің даңқты ел екенін мойындата білді.  

«Алыстан «Алаш» десе аттанамын, 

Қазақпын — «Қазақ» десе мақтанамын,

Болғанда әкем-қазақ, шешем-қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!» — деп Міржақып Дулатов атамыз жырлағандай, «Қазақ» деген қасиетті атымызбен мақтанып, қайда барсақта Қазақтың көк туын  желбіретіп жүріп Тәуелсіздіктің 30 жылдығына да жеттік.  

Тәуелсіздік – тәңір сыйы.

Бүгіннің жастары қиындықпен келген тәуелсіздіктің туын жоғары көтеріп жүруі тиіс. Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін біз секілді жастар қауымы байрақты төмен түсірмесі анық. Ата-бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты ұрпақ өсіп келе жатқанына сенемін. Тәңірден келген тәтті сыйдың еңсесін биік ұстау өз қолымызда.

Ғайни Болатханқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті “Баспа ісі” мамандығының2-курс студенті

Related posts

Астанада жастар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады

ttjk

АСТАНА НАУРЫЗДЫ ЖАҢАША ТОЙЛАЙДЫ

ttjk

127 мың жас қазақ күйін күмбірлетті

ttjk