ҚАПШАҒАЙДАҒЫ «АҚ ЖАЙЫҚ» ДЕМАЛЫС БАЗАСЫ

Қапшағайдың оңтүстік-батысында орналасқан «Ақ жайық» демалыс базасының жобасының құны – 550 млн теңге. Турзим саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынып жатқан демалыс орыны 2022 жылы толық пайдалануға беріледі. Аталған нысанда балалар ойнайтын алаң, шатырлар, төбесі жабық аймақтар, шезлонгтар т.б. қамтылған.

Қапшағайдың жағасына салынған екіадамдық 15 бунгало, 8 киізүй 500 адамға есептелген. Үйлерді 1 күнге жалға алу бағасы 10-17 мың теңге аралығында. Ғимарат аумағында адамдарға қажет кезде шұғыл медициналық көмек көрсетілетін блімше мен «Жедел Жәрдем» көлігі бар. Құрылысы жақында аяқталатын жаңа қонақүй 45 орынға жоспарланыпты.

Демалыс орнына баратын жолдың 5 шаршы шақырымына асфальт төселіп, абаттандыру мақсатында 300 түп ағаш отырғызылған.

Қапшағай қаласы Спорт және туризм бөлімінің басшысы Абылқасым Айдын мырзаның айтуынша, қала әкімдігінде қоғамдық орындардың санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуін қадағалайтын топ бар. Ол топ жүйелі түрде мониторинг жасап отырады.

Пандемия кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19 індетінен қорғану үшін Қапшағайға демалыуға келген әр адамның дене қызуы өлшенеді. Жақын күндері Қапшағайдағы барлық демалыс орындары ASHYQ бағдарламасы арқылы қабылдай бастайды. Қапшағайдағы демалыс орындары шомылу маусымын 2021 жылдың 1 маусымында бастайды.

Алматы облысы әкімдігі жанынан құрылған «Жетісу медиа орталығының» БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырған экотур шеңберінде «Ақ Жайықты» көзімізбен көріп, жақын таныстық. Ішкі туризмді дамытуға жақсы жағдай жасалғанына куә болдық. Бұл жергілікті бюджетке түсетін кірісті көбейтуге әрі жергілікті тұрғындармен қатар өзге облыс аймақтардан келетін туристер санының артуына сеп болары анық.

Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры.

Related posts

АЛМАТЫ: ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАН КЕРЕК

Назия Жоямергенқызы

HALYK BANK-ТЕН КОМИССИЯСЫЗ QR-ТӨЛЕМДЕР

ttjk

ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГАНЫҢ ФИНАЛЫ

ttjk