ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНАН — АФРИКАҒА КӨМЕК

Африка елдеріне Түркі мемлекеттері ұйымының атынан COVID-19 вирусына қарсы екпе көмек ретінде беріледі. Бұл туралы Стамбұлдың Демократия және бостандық аралында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының VIII саммитінде түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған мәлімдеді.

Ердоғанның айтуынша, Қазақстан мен Әзірбайжан — 100 000 дозадан, Венгрия — 210 000 доза, Түркия 2 миллион доза көлемінде екпе беруге келіскен. «Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан тарапынан қанша доза екпе берілетіні әзірге белгісіз», — деген Түркия басшысы қысқа уақыт аралығында аталған мемлекеттерден көмек жететінін және Түркияның ковидқа қарсы екпесі — «TURKOVAK» 2021 жылдың соңына дейін дайын болатынын айтты.

Нәзия Жоямергенқызы, Стамбұл, Түркия

Related posts

Қазақстан мен Франция логистика және энергетика салаларындағы әріптестігін кеңейтуде

Қазақстанда әскерден босату туралы шешімнің күші жойылуы мүмкін: жаңа қағидалар

Назия Жоямергенқызы

Приглашение акима области Абай Берика Уали на инвестиционный форум «Туған жерге туыңды тік»

Назия Жоямергенқызы