StopMusor: қоқысқа қарсы күрес

  • StopMusor: Қазақстандықтар шашылып жатқан қоқыстар үшін онлайн эко-шағым бере алады.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «StopMusor» жобасының сайты мен қосымшасын іске қосты.
Сайтта пайдаланушылар жоба туралы, экология саласындағы соңғы жаңалықтар туралы, жоспарланған конкурстар мен іс-шаралар туралы толығырақ ақпарат ала алады. Сонымен қатар, мұнда пайдалы сілтемелер бар. Мысалы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы қалдықтарды жинау және қайта өңдеу пункттері, құрамында сынап бар шамдарды жинау және кәдеге жарату мекенжайлары және т. б. көрсетілген.
stopmusor.kz сайты арқылы пайдаланушылар өз қаласында эко-шағым бере алады, барлық жиналған ақпарат ecokarta.kz қоғамдық экологиялық мониторинг порталында тіркеледі. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының мамандары экологиялық проблемаларды сипатына қарай қала қызметтері мен уәкілетті ұйымдармен бірлесіп шешуді қарастырады: қаладағы қоқыс тастайтын жерлер, топырақтың ластануы, ормандарды шабу, атмосфераның ластануы, заңсыз құрылыс жұмыстары және т. б.
Сайттан басқа, осы науқан аясында iOS және Android үшін StopMusor қосымшасы да іске қосылды. Пайдаланушы сайтта бар бірдей мүмкіндіктерге смартфондарға арналған ыңғайлы форматта қол жеткізе алады. Сонымен қатар, StopMusor қосымшасы арнайы оқиғалар күнтізбесін қалыптастыруға, эко-шағымдарды жеңілдетілген түрде беруге, сондай-ақ барлық соңғы жаңалықтардан хабардар болуға мүмкіндік тудырады.
* StopMusor жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан азаматтары арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Сіздерді жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылуға шақырамыз:
Instagram. com / stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz/

Қосымша сұрақтар бойынша Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар: 8 778 456 09 99, email: meruert_1968@mail.ru

Related posts

Түркістан түрмесінде бүлік шықты

editor

Мұнай ұрылары құрықталды

editor

Алматы қаласында қайырымдылық спорт нысанын салуға әрекеттенген Қоғамдық қор Жоғарғы сотқа шағымданды

ttjk