НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ МЕРЕКЕСІ

Наурыз мерекесін жыл сайын наурыз айында Қазақстан, Қырғызстан, Әзәрбайжан, Түркия, Албания, Ауғанстан, Босния-Герцеговиня, Грузия, Үндістан, Иран, Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Дағыстан, Монғолия, Татарстан мен басқа да башқұрт, қарақалпақ сияқты түрбі бір түркі халықтары атап өтеді. Парсы тілінде «нов» және «руз», яғни, «жаңа», «күн» деген екі сөзден тұратын Наурыз Қазақ даласында ежелден атап өтіледі. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында адамның аузы – аққа, малдың аузы көкке тиіп, ел арқа-жарқа шаттыққа кенелген шақта тойланады Наурыз.

Тәуелсіз Қазақстанда 22 наурызда жалпыхалықтық мейрам ретінде белгіленген Наурыз молшылық пен тоқшылықтың белгісі іспетті. Сол күні әр шаңырақта ас та төк дастарқан жайылып, бүкіл отбасы мен туған-туыс бірге жиналады. Наурыз көжемен бірге бауырсақ, 7 шелпек, қазы-қарта, жал-жая, құрт пен ірімшік, жент, сары май, қымыз, шұбат, айран ұсынылады келген қонақтарға. Әр қала, аудан, ауылдарда қыз қуу, жамбы ату, көкпар тарту, атжарыс, асық, теңге ілу, Тоғызқұмалақ  т.б. ұлттық ойындар ойналады. Адамдар бірін бірі құттықтап, егер ренжісіп қалғандары болса, татуласады. Аталар мен әжелер жастарға бата беріп, ізгі тілектерін айтады. Ел мен жердің, Отан мен отбасының амандығын тілейді. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың мерекесі.

 

Едіге Әкімұлы, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5 «Д» сынып оқушысы, edige@bilge.kz

Related posts

FameLab Kazakhstan жеңімпаздары

ttjk

«ЕРКІН СӨЗ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ttjk

«ХАЛЫҚТАН» — ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

ttjk