ТҮРКІ БІРЛІГІ: экономикалық ынтымақтастық

Соңғы жылдары түбі бір түркінің бірлігін нығайту шаралары ресми түрде жиілей бастады. Жуырда ғана Түркі Кеңесінің бесінші саммитінде түркітілдес мемлекеттерге қатысты бірқатар маңызды құжатқа қол қойлды. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.А.Досаевтың төрағалығымен өткізілген Түркі кеңесінің Экономика министрлерінің 5-ші кездесуінде де түркі елдерінің ортақ жоба мен жоспарлары талқыланды.

Түркия Экономика министрі Нихат Зейбекджи, Әзірбайжан Республикасы Экономика және индустрия министрінің орынбасары Сахиб Мамедов, Қырғыз Республикасының Экономика министрінің орынбасары – Данияр Иманалиев, сондай-ақ Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коча қатысқан кеңес барысында түркітілдес елдердің көпжақты сауда-экономикалық ықпалдастығын одан әрі үлғайту, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс тобытарының қызметі, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту, біріккен инвестициялық қорын құру мәселелері талқыланды.

Осы орайда, Ерболат Досаев: «Түркі кеңесі инвестициялар, кәсіпкерлік, экономиканы әртараптандыру сияқты әр түрлі салаларда жұмыс істейді. Алайда, қазіргі қиын экономикалық жағдайда Кеңес елдерінің сауда саласындағы ынтымақтастықты нығайтқан жөн», – деп мәлімдеді.

Сонымен қатар ол түркі елдері арасындағы экономикалық қатынастарға кері әсер ететін кедергілерді жоюға шақырды: «Тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою үшін маңызды фактор болып Еуразиялық экономикалық одағын құру табылады, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі мемлекеттерінің ішінде оның мүшелері Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы болып табылады. ЕАЭО шеңберінде 170 миллиондық нарық қалыптасқан және тауарлардың, қызметтердің, капиталдар мен жұмыс күшінің еркін айналымына жағдай жасалған».

Ресми деректерге сүйенсек, Кеңес құрылғаннан бері өткен 6 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Түркі кеңесінің елдерімен сауда айналымының көлемі 2 есе ұлғайған.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Экономика министрлерінің 5-ші кездесуінің қорытындысы нәтижесінде, инвестициялық статистика саласындағы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдары арасында өзара түсіністік туралы; инвестициялық ахуал бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігін зерделеу бойынша Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдары арасында өзара түсіністік туралы; шағын және орта кәсіпкерлік бойынша Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдары арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі өзара сенімділікті, достастықты, тату көршілікті нығайту, бейбітшілікті қолдау, өңірдегі қауіпсіздікті күшейту, жан жақты және теңдестірілген экономикалық өсу мен әлеуметтік және мәдени дамуды мақсат етеді.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан кіреді.

Нәзия Жоямергенқызы

Related posts

«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады

ttjk

KONYA 13th “ A THOUSAND BREATHS, ONE VOICE”, INTERNATIONAL THEATRE FESTİVAL

Назия Жоямергенқызы

Елордада көктемгі ауқымды экологиялық айлық өтеді

ttjk