ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ бабалар ерлігін еске салды

Ұлан ғайыр даламызды жаудан корғау мақсатында неше шапқыншылықтар, жорықтар өтті. Осының ішінде жоңғарлармен болған шайқастар, қазақ ұлтына недәуір қайғы әкелді. Тарихта «ақтабан-шұбырынды, алқакөл сұламалы»,-деп аталып кеткен ең ауыр, азапты сәтте осы жоңғар шапқыншылығы кезінде болғанды. Тарихты терең зерделесек азшылық топты құрап тұрса да үлкен жеңістерге жеткен, жеңісті сәттер де аз болмады. Сондай айтулы жеңісті сәттердің бірі Орбұлақ шайқасы. Көп жерде бұл шайқас туралы нақтыланбай аңыз сияқты естілгенімен, Орбұлақ шайқасы өмірде шынайы болған. Осы шайқас туралы алғаш мәлімет берген адамды анықтаған орыс ғалымы И.Я.Златкин. Орыс жерінен 1643 жылы Батор қоңтайшының тұрағыны шығып, 1644 жылы Тобыл қаласына оралған Г. Илаткин екендігін, оның әскербасы Куракинге жазған мәлімдемесінде Салқам Жәңігірдің әйгілі жеңісі жайында баяндалатынын дәлеледейді… Антан аттап тұтқиылдан шыққан 50 мыңға жуық жау әскеріне, бірігіп те үлгермеген 600 әскер шығады. Жау әскерінің тактикасын терең зертей білген Жәңгір Салқам әскерді ор қазу ісіне жаттықтырып Ор аталатын кішкене өзен арасындғы тастардың ішіне 300 жауынгерді жасырып отты қарумен отырғызып, өзі қалған 300 жауынгермен бірге тау-тастың арасына жасыранды. Қоңтайшы оқпанаға жақындап қалғанда алдынан отты қарумен 300 жауынгер шықса екінші жағынан Жәңгірдің өзі шығып, ортада қалған жау әскерін қырады.Сол екі ортада 20 мың қолмен келген Жалаңтөс батырмен біріккен қазақ қолы, Батор бастаған жоңғар әскерін тас-талқанын шығарып жеңеді. Бұл шайқас тек әскери тәсілді мықты қолданумен ерекшеленген жоқ, қазақтардың әскери әдіс айланы шебер меңгергендігімен де ерекшеленді.

Орбұлақ шайқасы
Биылғы жылды қазақ хандығының 550 жылдығына арнаған елбасымыз ұлан-ғайыр жерді ұрпағына аманаттаған бабалар ерлігін насихаттауды көздеген болатын. Осы мақсатта Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы Орбұлақ шайқасынының реконструкциясын жасауды қолға алды. Республикалық деңгейде батырлар ерлігін ұлықтап, дәстүрлерімізді дәріптейтін іс шара өткізді.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Қазан айының екінші жұлдызында Талдықорған қаласының иподормында өткен тарихи қойылымға алты жүзге жуық адаммен жүзден аса жылқы қатыстырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен елуден астам журналист, блогерлер сондай-ақ қолөнерші шеберлер өз бұйымдарымен шақырылды. Сән әлемі де түрленіп қазақ батырларының киімдерімен шыққан батырларға, ұлттық нақышты қазіргі сәнмен атастырып тіккен арулардың әсем көйлектерімен кеш ажарын аша түсті. Баурысақпен палау пати, ұлттық ойындарда да ойнатылды.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Кеш соңы этникалық әндермен жас әншілердің шығармашылығымен толықтырылып, қонақтардың құлақ құрышын қандырып- ақ жіберді. Бірақ ішіндегі ең әсерлі сәт ол тарихи қойлымда болды. Облыс басшысының құтықтау сөзінен кейін, қойылым басталды. Алыста шаңытқан сары дала, екі қазақ үйдің жанында бір әйел баласымен қуаласпақ ойнап шад-шадман, одан әргірек екі ер адамның сұлбасы көрінеді. Барлығы бақытты алайда бұл бақыт ұзаққа бармайды , кенет атпен шауып келген шапқыншы жаудың таяп қалғанын, жол бойындағы ауылдарды тип типыл етіп келе жатқанын жеткізеді. Сасқалақтап қалған отағасы есін жиып үлгермей жоңғарларда шауып жетеді. Келе баланы бір жаққа әйелді екінші жаққа айырып алып кеткен жауыздар отағысының басын жұлып алып ат басына өңгере жөнелді. Шуыладап жылаған бала-шаға, ат кісінеп құлап жатқан көріністер шынымен де шынайы көрінді. Кейінгі сахналық сәт Жәңгірдің улы жебемен, сасық шөптен жасалған басты айналдырар иіспен жауды қалай тойтарып, өздерінен екі есе шеріктің көзін жойғаны көрсетіліп жатты.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Азғана уақыт ішінде ашық аспан төрінде шынайы сахналық көріністі көзімізбен көріп, рухымызды асқақтата түстік. Осындай шынайы қойылымды көрсетіп, тарихи сәтке куәгер еткен көріністі ұйымдастырған Бауыржан Әбішев болса, идея авторы, шараның ойдағыдай өтуіне күш салған азамат Алматы облысы жастар саясаты басқарма басшысы Рустам Алпысбаев болып шықты. Шіркін тарихи шынайы қойылымды буыны қатпаған жастар көрсе деген асқақ тілек әркімнің көкейінде тұрды. Рустам Алпысбаевтың айтуынша негізінен жобаға бала-бақшадан мектеп жастарына дейін қатыстырылу көзделген екен. Брақ қауіпсіздік шаралары, жүзден астам аттың әрі бері шауып жүруі тағы басқалары кедергі келтірген екен. Десе де кішкентай балаларын әкеліп ата-баба ерлігін көзбен көрсетіп жүрген ата-аналар қауымы да аз болмады. Кеш соңы әсерден арыла алмаған жұрт «осындай шаралар жиі болып тұрса»-, деген асыл армандарын айтып әрең тарқасты.
Аида Қожмамбетова

Related posts

АҢСАҒАН ФРАНЦУЗДАРДЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Назия Жоямергенқызы

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

ttjk

Қазақ журналистеріне үлкен мүмкіндік ашылмақ

ttjk