АЙЛЫҒЫ АЗДЫҢ САЛЫҒЫ ДА АЗ

Кіріс көзі шектеулі жандарға Үкімет салық жағынан жеңілдік қарастырды. Жаңа жылдан бастап жалақысы аз азаматтар салықты да аз төлейтін болды.

Егер айлығыңыз 25 айлықтық есептік көрсеткіштен аспаса, төленетін салықтан  90 пайызға дейін жеңілдік аласыз. Биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салық кодексіндегі бұл жаңалық 2019 жылдың 2 шілдесінен бастап іске асырылады.

Алматы қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сүйенсек, кімдерге жеңілдік жасалатыны ҚР «Республикалық бюджет туралы» заң бойынша қызметкердің жалақысы анықталады.

Салық жүйесіндегі жеңілдік Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 наурызында Парламентте ұсынған бастамаларына орай жасалған. Назарбаев жалақысы төмен азаматтарға салынатын салықты 10 есеге дейін азайтуға тапсырма берген болатын.

Нәзия Жоямергенқызы, +7 778 878 3408

naziya.zhoyamergen@gmail.com ; www.ttjk.kz

 

Related posts

ТҰСАУКЕСЕР: «ҮМІТТІҢ ІЗДЕРІМЕН»

Назия Жоямергенқызы

ТҮРКИЯ ЕЛШІСІ РЕСМИ АҚПАРАТҚА СЕНУГЕ ШАҚЫРДЫ

ttjk

Зейнетақыны 30-50 пайызға көтеріле ме?

ttjk