ТУҒАН КҮН – ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

Туған күн адам өміріндегі ерекше мереке. Сыйлық алу, жылы лебіз, игі тілектер айту, дәмді тағам, тәтті тоқаш, мол дастарқан да Туған күнге тиесілі. Туған күн тойлауды кім ойлап тапқан? Кімдер тойламайды? Неліктен?

Осы сұрақтарға жауап іздеп көрсек. Неізі Туған күнді тойлау дәстүріні пұтқа табынушылар ойлап тауыпты. Олардың ойынша, адам өмірінде маңызды өзгеріс болса, мысалы, оның туған күнінде жын-шайтандар жасырыынп қалады еккен. Ертеде христиандлар бұл мерекені атап өтпеген. Себебі, Туған күнді тек Пұтқа табынушылар тойлаған және олардың әрекетін христиандар күнә деп ойлаған. Ежелгі гректер әр адамның рухы оның туған күнінде келіп қарап тұрады деп сенген. Кейде адамдар Туған күнінде торттағы шамдарды үрлейді. Ертеде бұл шамдардың жануы жын-шайтанды жауап деп сенген. Яғни, қараңғыдағы жарық Құдаймен байланыстырады да, жын-шайтанды алыстатады.

Қазіргі заманның адамдары туған күнді басқаша тойлайды. Сол күні Туған күн иесінің дос-жарандары, туған-туыстары дастарқан басына жиналып, сыйлық береді, ізгі тілектерін айтады. Туған күн – әр адам үшін ерекше мереке.

 

 

Тоғжан Ролланқызы, Алматы қаласы,

М.Базарбаев атындағы №138 мектептің 4 «А» сынып оқушысы

Related posts

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЛДЫҚТАРСЫЗ ӨМІР СҮРУ КҮНІ

ttjk

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАР ЖЫЛЫНА 250 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚЫРМАНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Назия Жоямергенқызы

«ЕРКІН СӨЗ»-2020 БАЙҚАУЫ

ttjk