Мың құбылған доллар бағасы

Елде доллар бағасы мың құбылып тұр. Оның себебін түсіндірген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуыша, мұнайдың бағасы төмендеді. Бір аптаның ішінде бір баррелі үшін 80 доллардан 71,5 долларға дейін түсті. Бұның бәрі теңгеге әсер етеді. Бұдан бөлек, заңды тұлғалар тарапынан долларға сұраныс күрт өскен.

«Оған инвестициялық жобалар себеп болып отыр. Ондай жобалар көп жағдайда бюджеттің есебінен немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қаржысына іске асырылады. Ал бізде жылдың басында жоспар жасалады, одан кейін тендер, жылдың соңында ғана қаржыны игеру басталады. Сосын инвестициялық жобалар импортқа тәуелді. Содан төртінші тоқсанда қаржы игерілетін кезде валютаға деген сұраныс күрт өседі. Оны валюталық биржадағы сауда-саттықтың көлемі де растап отыр», деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Related posts

Jewel of the Turkish Riviera: Antalya Museum

Назия Жоямергенқызы

Үш күнде 2400-ден астам жасөспірім полицияға жеткізілді: мән-жайы

Назия Жоямергенқызы

ФЫРЫН СҮТЛАЧ — СҮТТІ ТӘТТІ

ttjk