Судья пара алған

Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растаған.

Осыған дейін желіде 22 қазанда Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ қызметкерінің ресми сауалына берген жауабында судьяның пара алғанын растап, алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

«Сұрауда көрсетілген адамға қатысты ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 («Пара алу») және 190 («Алаяқтық») баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», — делінген комитет жауабында.

Related posts

Autumn brings out the best of Cappadocia

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы Моңғолияда жүр

editor

МИРОВАЯ ЖУРНАЛИСТИКА СЕГОДНЯ: ВОПРОСЫ РЕПУТАЦИИ И ДОВЕРИЯ

ttjk