Кіріс 4 триллион, шығын 9 триллион

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, бюджеттегі шығыс кірістен көп.

Қазір бюджетті әзірлеу былтырғы параметрге қарап жасақталады. «2022 жылы өсім қарқыны 143 пайыз болғанын ескере отырып, 2023 жылға қоямыз. Былтыр да көп жағдайда табыс болмады. Осы жылғы өсім 2024 жылға есептеледі. Соңғы 3 жылдағы кіріс 4 трлн болса, шығын 9 трлн теңге болған. Бұлай болған себебі қажетті базаны жинау керек. Бізде көптеген салық төлеушінің жеңілдіктері бар. Оны да қайта қарау керек. Ол ақша бюджетке түсуі керек», дейді ол.

Тәкиев жаңа бюджеттік кодекс аясында осы жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. «Жаңа кодекс аясында көптеген жеңілдікті қысқартып жатырмыз. Ол жеңілдіктен 1-3 трлн теңге кіріс түседі деп күтіліп отыр», дейді Мәди Тәкиев.

Related posts

Жетеуі – егіз: Қазақстанда Тәуелсіздік күні 700-ден астам сәби өмірге келді

Әл-Фараби универитетінде халықаралық III Қысқы PR мектебі өтті

ttjk

Алматыдағы медиа форум: «Өзгеріс дәуіріндегі түркі әлемі: дағдарысқа қарсы коммуникациялар және беделді басқару»