МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Президент Қасымжомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Алматы қаласы Алатау ауданындағы 37- бөбекжай-балабақша ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін үлестірді. Сонымен қатар, дәл қазіргі сәтте өте қажет саналатын бетперделер де берілді. Бұл жолы балабақша ұжымы он екі отбасына көмек көрсетті. Ал, қажетті азық-түлікті үлестіруге көмектескен еріктілердің де қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Оларға да қорғаныш костюмдері мен бетперделер берілді. Осындай ел басына түскен қиын-қыстау кезеңде балабақша ұжымы да қолдан келген көмектерін аянып қалмайды. Өйткені, еліміздің көркеюіне әрқайсымыз атсалысуымыз керек!

  1. Айнұр Әлімбаева, Алматы қаласы Алатау ауданы 37-бөбекжай-балабақша меңгерушісі.

Айнұр Әлімбаев

Related posts

Жол ережесі тағы өсті

editor

162 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды

Назия Жоямергенқызы

Әуекомпаниялары мереке күндері қосымша рейстер ашады

editor