КОРОНАВИРУС: САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

Пульмонолог дәрігердің кеңестері: өзіңізді коронавирустан қалай қорғауға болады? Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Жоғары білім алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Касенованың айтуынша, COVID-19-дан болатын өлім санының дүниежүзілік статистикасы осы аурудан қайтыс болғандардың арасында артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті секілді ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдар жиі кездеседі: «Егде адамдар вирустық инфекцияны ауыр көтереді және осының салдарынан болатын жағымсыз болжам бар. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронх демікпесі, өкпенің интерстициалдық аурулары сияқты тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар пациенттер бірінші кезекте «тәуекел тобында» болады, себебі олардың тыныс алу жүйесінің вирустық жүктемеге қарсыласу қабілеті өте төмен». Сол үшін карантин талаптарын қатаң сақтау қажет; дүкенге аптасына 2 рет тек қана қажетті азық-түлікке шығу керек; қоқысты мейлінше, басқа адамдармен қарым-қатынастың болу мүмкіндігі аз уақытта – таңертең ерте немесе кешкі уақытта шығарған дұрыс; теледидарды күніне тек қана қажетті ақпаратты алу үшін 2 сағаттан артық көрмеңіз; тыныс алу жолдарының эпителиалық жасушаларын қорғайтын А, Е және С витаминдерін қабылдау қажет; гигиена шараларын орындау керек.
Карантин кезінде уайым-қайғыға жиі салынатын жалғыз басты егде адамдарды, балаларды, жасөспірімдерді қолдау өте маңызды. Сондай-ақ, негативті стресс адам иммунитетіне кері әсер беретіндіктен үрейлі көңіл-күйден алшақ болған жөн.
Дәрігердің айтуынша, салауатты өмір салтын сақтау үшін зиянды әдеттерден, әсіресе темекі шегу, жастар ішінде пайда болған электронды сигареттер мен кальян шегуден бас тарту керек.

  1. Нәзия Жоямергенқызы

Related posts

ҚАПШАҒАЙДАҒЫ «АҚ ЖАЙЫҚ» ДЕМАЛЫС БАЗАСЫ

ttjk

МИГРАНТ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЖАТ

ttjk

Стамбұл 2023 жылы круиздік туризмнің орталығына айналады

ttjk