ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мақсатында мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этнос өкілдері арасында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» бастамасын жариялады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы
қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мақсатында мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этнос өкілдері арасында тұңғыш рет «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» форумын өткізді. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 100 ден астам этнос өкілдері қатысып, қазақ тілінде пікір алмасып, ой бөлісті. Мәселен, бөбектерді мемлекеттік тілде тәрбиелеп отырған Атырау облысының тұрғыны Юлиана Новикова өз сөзінде тілді балабақшадан бастап үйретудің маңыздылығын атап өтті.
Ресейден көшіп келген Виктория Трегубова қазақ мектебінде қалай білім алғанын әңгімелесе, Оңтүстік Кореяның азаматшасы Чу Ионг Ми қазақ тілін шетелде оқыту және насихаттау мәселелерін ортаға салды.


Мемлекеттік қызметкер Алексей Овчаров мемлекеттік қызметтегі әрбір азаматтың қазақ тілін жетік меңгеру керек екендігін баса айтты. Сондай-ақ қатысушылар мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде қазақ тілі бойынша тестілеудің нәтижесіз қалмай, ескерілу керектігіне назар аударды.
Ақмола облысынан келген мектеп мұғалімі Наталья Дементьева Ағылшын тілін үйрету бағдарламасын негізге ала отырып, қазақ тілін үйрету әдістемелерін жетілдіру қажеттілігін айтты.

Форум алдағы уақытта барлық облыстарда жалғасады.
Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этнос өкілдері арасында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» бастамасын жариялады.

Related posts

НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРАКТИВТІК КОНЦЕРТ ӨТЕДІ

ttjk

Ұлттық мал өсірушілер байқауының бас жүлдесі жарияланды

ttjk

АҢСАҒАН МҰСТАФАНЫҢ ЖАҢА КИІМ ҮЛГІЛЕРІ

ttjk