Halyk Bank және Visa Tap to Phone

Қазақстанда алғашқы рет ұсынылып отырған Tap to Phone технологиясы шағын және орта сауда-сервистік кәсіпорындарға арналған және де оларға жанасусыз төлемдерді қосымша жабдықсыз смартфон арқылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Halyk Bank және Visa компаниясы Tap to Phone инновациялық технологиясын тестілеуді бастағаны туралы хабарлады. Қазақстанда алғашқы рет тестілеу жүргізіліп жатқан бұл технология сауда-саттық желісінде электрондық төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге және де тұтынушылар, сауда-сервистік кәсіпорындар мен банктердің мүдделері үшін масштабтауға бағытталған.
Алматыда сервисті Halyk Bank серіктестері сынақтан өткізуде.

Visa және Halyk Bank-тен Tap to Phone NFC-модулі бар Android базасындағы смартфонды қосымша жабдықсыз POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл шешім орта және шағын бизнес кәсіпорындарының операциялық қызметін жеңілдетеді, бұл ретте жанасусыз төлемдерді қабылдау желісін айтарлықтай кеңейтіп, сауда нүктелерінің клиенттер базасын ұлғайтуды және эквайринг қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар тұтынушылар қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Енді олар тауардың құнын Visa жанасусыз карта, смартфон және тағып жүретін NFC-құрылғыларының – Smart-сағат, сақина мен білезіктердің көмегімен өзіне ыңғайлы түрімен қауіпсіз, жылдам және оңай төлей алады.
Кәсіпкер Tap to Phone арқылы төлемдерді қабылдау үшін Payswiff компаниясы әзірлеген Halyk Pos қосымшасын жүктеп алып, Halyk Bank-пен эквайринг шартын жасауы тиіс. Қосымша 2020 жылы қолжетімді болады.

Әлия Чыныбаева, Visa-ның Орталық Азиядағы бас менеджері: «Қазақстанда, ірі қалалардан тыс жерлерде, әсіресе өңірлерде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау желісі, әлі де дамуы қажет. Бүгінде елдегі әрбір 1 000 тұрғынына төлем қабылдайтын 10 терминал келеді екен. Әрине, бұл көрсеткіш біздің цифрлы жолға толықтай көшуге жеткіліксіз екенімізді айғақтайды. Tap to Phone технологиясы — бұл Visa-ның тағы бір озық шешімі. Біздің бағалауымызша ол бізге шағын және орта бизнес сегментінде төлемдерді қабылдау мүмкіндігімізді арттырады. Сондай-ақ дәстүрлі терминалдарға қызмет көрсетуі қымбат болған саудагерлер үшін төлем қабылдауда ынта береді. Біз бұл тестілеуді Қазақстанда мобильдік төлемдермен қоса, жанасусыз төлемдердің белсенді түрде енгізіліп жатқан кезде бастағанымыз өте маңызды, сондай-ақ біз смартфонның жанасусыз төлемдерді қабылдау әрі жүргізу құралына айналғаны және бұл тұрақты тренд болып қалыптасып жатқанын байқап отырмыз».

«Біз әзірге Tap to Phone технологиясын Алматыда тестілеуді бастадық, – деп Halyk Bank Транзакциялық бизнес департаментінің директоры Гүлшат Душатова атап өтті, – Бұл технология сауда және сервис кәсіпорындарын қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға көптеп тартуды және қолма-қол ақшамен есептесулерді қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңа шешім жанасусыз төлемдерді қабылдау желісін кеңейту, клиенттер базасын ұлғайту және эквайринг қызметтеріне қосылу шығындарын оңтайландыру есебінен кәсіпкерлердің бизнес-процестерін айтарлықтай оңтайландырады, ал бөлшек сауда клиенттеріне жанасусыз технологиялардың көмегімен тез, ыңғайлы және қауіпсіз төлеу мүмкіндігін ұсынады».

***
Halyk Bank туралы ақпарат
Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) клиенттер базасы мен таралу желісі кең көлемдегі Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы әрі жетекші бөлшек сауда банкі.. Банк өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (сақтандыру, лизинг бойынша қызметтерді және активтерді басқару қызметтерін) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда іске асырады.

Visa компаниясы туралы ақпарат
Visa Inc. (NYSE: V) цифрлық төлемдер саласында әлемдік көшбасшы. Біздің миссия ‒ ең инновациялық, сенімді және қауіпсіз төлем жүйесі арқылы әлемді біріктіру, бұл тұтынушыларға, бизнеске және экономикаға жалпы жоспарлы дамуға мүмкіндік береді. Біздің VisaNet заманауи жаһандық технологиялық желі бүкіл әлем бойынша сенімді және қауіпсіз төлемдерді қамтамасыз етеді, және де секундына 65 000 астам транзакция өңдей алады. Visa компаниясы инновацияларға ерекше назар аударады, бұл “connected commerce” жылдам өсім катализаторы болып табылады, оның шеңберінде кез келген қосулы құрылғы төлемдер жүргізуге қабілетті, осылайша, барлығы үшін және барлық жерде қолма-қол ақшасыз болашаққа өтуді жақындатады. Аналогты технологиялардан цифрлықтарға өтуіне қарай, Visa коммерцияны трансформациялау үшін өз брендін, өнімдерін, сарапшыларды, желісі мен масштабын қолданады. Қосымша ақпаратты алу үшін www.corporate.visa.com, www.facebook.com/VisaKazakhstan, www.visa.com.kz сайтын қараңыз.

Payswiff – қолма-қол ақшасыз төлемдермен жұмыс жасау үшін шешім ұсынатын және коммерсанттарға сату орындарында (POS), онлайн, қосымшалар арқылы немесе кез келген жаңа буын төлем арналары арқылы төлемдерді қабылдауға мүмкіндік беретін жетекші халықаралық компания.

Related posts

TÜRKSOY’da Tatar milli şairi anıldı

COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТІК БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ttjk

II СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САММИТІ – БҰРСА

ttjk