Ішкі істер министрлігі елде қоғамдық және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жүйелі

жұмысты жалғастырып келеді. Патрульдік бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді. Соның нәтижесінде қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыс деңгейі төмендеп, жол-көлік оқиғаларының саны да азайды, — деп хабарлайды Polisia.kz. — Жалпы қауіпсіздік дегеніміз — баланы мектепке қалай жетеді деп алаңдамау, кешкі уақытта үйге емін-еркін оралу, жолда жүру қағидаларын сақтау және қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз сезіну. Осы бағыттағы жұмыстарды әкімшілік полиция қызметі күн сайын абыроймен атқарып келеді. Есепті кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдеу күшейтілді. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ішкі істер органдарының 15 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда болатын құқық бұзушылықтар 20%-ға, көшедегі заң бұзушылықтар 18%-ға, алкогольдік масаң күйде жасалған заң бұзушылықтар 6%-ға төмендеді, — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов. Спикердің сөзінше, ІІО қызметінің басты мақсаты — құқық бұзушылықтардың салдарымен күресу ғана емес, ең алдымен олардың алдын алуға бағытталған «Заң мен Тәртіп» қағидатын тиімді іске асыру. Жыл басынан бері сегіз миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 16 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және масаң күйде жүрудің 118 мыңға жуық дерегі. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде болуына байланысты 83 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 4%-ға, қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайды. Мас күйінде көлік басқарған 12 мыңға жуық жүргізуші ұсталды, ал сот шешімімен 14 мыңнан астам жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар жолда жүру қағидаларын сақтамағаны үшін 245 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды. Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар 9%-ға төмендеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар осы саладағы заң бұзушылықтарды 7%-ға азайтуға мүмкіндік берді. — Бүгінде біз заманауи технологияларды кеңінен қолдана отырып, профилактика тетіктерін жетілдіруді жалғастырудамыз. Осындай кешенді тәсілдер кез келген тәуекелдерді ерте бастан анықтап, олардың ауыр заң бұзушылықтарға ұласуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Өйткені қауіпсіздік – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Азаматтардың қолдауы, құқықтық мәдениеті, өзара құрметі және заң талаптарын сақтауы болмаса, құқық қорғау органдарының ешбір шарасы толық нәтижеге жете алмайды, — деді Мұрат Қабденов.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-zhol-kolik-oqighalarynda-qaza-tapqandar-sany-20-gha-azajdy/

Related posts

Journalism education issues discussed at TDM

ttjk

Побалуйте себя непревзойденным оздоровительным опытом в Турции

editor

ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ — “ЕРКІН СӨЗ”-2021

ttjk