«Тәуелсіз журналистика сенен басталады»

Алматыда Сорос-Қазақстан қоры мен Қазақстан баспасөз клубының ортақ жобасы – iMediaProject-2017 басталды. Жобаның басты мақсаты – отандық БАҚ өкілдерінің кәсіби білігін арттыру, мультимедиалық журналистикадағы тәжірибесін шыңдау.

iMediaProject-2017-нің 1 аптаға созылатын ІІ модулінің медиа-тренерлері – АҚШ-тың Миссури Университеті Журналистика мектебінің оқытушысы Роб Вейер мен отандық маман, медиа нарықтағы кәсіпкер Бексұлтан Қазыбек.

Жоба барысында жаңалықтар дизайнындағы жаңа үдерістерге шолу, түс пен контраст тепетеңдігі, Интернеттегі ақпараттар ағыны: жоспарлау және сторибординг, WordPress-тегі шаблон, бастапқы бет, арнаулы парақшалар, әріптерді таңдау және олардың үйлесімділігі, әлеуметтік желілер, сайттардың мобильді нұсқасы т.б. мультимедиалық журналистиканың аса маңызды мәселелеріне тоқталып, тәжірибелік жұмыстар жасалады.

Кәсіби шеберлікті шыңдайтын бұл шараға «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ атынан біз де қатысып жатырмыз. Басты мақсатымыз – жоба барысында үйренгеніміз бен түйгенімізді өзге әріптестермен, әсіресе, алыс аймақтар мен орталықтардан шалғай жатқан өңірлердегі БАҚ қызметкерлерімен бөлісу.

 

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

ТҮРКІГЕ ОРТАҚ ТЕЛЕАРНА

Назия Жоямергенқызы

Пандемия кезіндегі Түркияның қауіпсіз туризм құпиясы…

ttjk

«Салалық журналистика: мұнай және газ тақырыбына тән ерекшеліктер»

Назия Жоямергенқызы