ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен және «Халық банкі» АҚ қаржылай қолдауымен өткізілген «Еркін сөз»-2018 шығармашылық байқауының Марапаттау салтанатында Байқауда жеңіске жеткен жеңімпаздармен бірге Түркітілдес журналистер қорының жанынан құрылған Жас журналистер мектебінің тәлімгерлері де белсенділігі мен журналистика саласына деген ынтасы үшін арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Жас журналистер мектебі 2018 жылдың қазан айында ашылды. Мектептің басты мақсаты: балалардың бойындағы жазу қабілетін шыңдап, өзіне деген сенімділік пен шешендік өнер, көсемдік қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Қазір Жас журналистер мектебінде тәрбиеленіп жатқан Асқар Қуат,

Едіге Әкімұлы,

Нұрбақ Өмірзақұлы,

Тоғжан Ролланқызы,

Алтынай Айдарқызы

бүгінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында пресс-турлар мен шеберлік сабақтарына қатысып, сайттар мен газеттерге мақала жазуды бастады.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласындағы 10-14 жас аралығындағы балалар Жас журналистер мектебіне қабылданады. Толық ақпарат үшін 8 778 878 3408 нөміріне хабарласуға болады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Түркіге ортақ тіл қажет

ttjk

HESTOUREX-2019 В АНТАЛИИ

ttjk

ОҚУШЫЛАРДЫҢ «BILGEN-DARA BOL» БАЙҚАУЫ

ttjk