IITU ROBONCON GAMES ЧЕМПИОНАТЫ

 «IITU Robocon Games!»  атты оқушылар арасында робототехникадан төртінші Республикалық Чемпионат өтті.

Бір ойын алаңында робототехника чемпионы атағын алу үшін Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған қалаларынан 30 үздік мектеп командалары жиналды.

ҚР 30 мектебі бес ай бойы Arduino микроконтроллер негізінде екі робот әзірлеумен айналысты. Олардың негізгі мақсаты – белгілі бір уақыт аралығында ойын алаңында нақты командаларды жинау, дәлірек айтқанда: роботтардың өздері робот өндірумен айналысу керек.

ІІТU-дың  проректоры Тұрғамбаев Медет Камалұлы:«IITU Robocon Games» мектеп оқушылары арасындағы жарысты Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай робот жасау және талантты жастарды айқындау ғана емес, сонымен қатар робототехниканы дамытуға мүмкіндік  береді», – дейді.

«Шеврон» компаниясының өкілі Қошпанова Жанардың айтуынша: «Биылғы жылы біз Қазақстан Республикасымен табысты ынтымақтастығымыздың 25-жылдығын атап өттік,  осы жылдары біздің әлеуметтік инвестицияларымыз мемлекет азаматтарының әлеуетін дамытуға арналды. Мысалы, бірнеше жылдан бері біз техникалық білімді дамыту бағдарламамыздың ажырамас бөлігі болып табылатын Robocon Games-ті қолдаймыз».

Arduino базасында роботтарды дайындау балаларды электроникадан бастап бағдарламалауға дейін роботтарды құрудың толық циклына бейімдейді. Мұндай әзірлеу LEGO EV3 базасында роботтарды құрастыруға қарағанда әлдеқайда қиын және STEM- мазмұнына көбірек сәйкес келеді.  (STEM: S – science, T – technology, E – engineering, M – mathematics, жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика т. б.). STEM білімін Қазақстанда дамыту – «Шеврон» компаниясының  басым мақсаттарының бірі.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға, сондай-ақ Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға гранттар мен жеңілдіктерге ие болды.

Ұйымдастырушы: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжі. Халықаралық IT Университеті IT-индустриясындағы білікті, халықаралық деңгейде танылған мамандарды дайындаудың көшбасшы.

Іс-шаралардың бас демеушісі: «Шеврон» корпорациясы өз қызметін әлемнің 90-нан астам елінде жүзеге асыратын және мұнай-газ өнеркәсібінің барлық спектрінде жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады. «Шеврон» Қазақстанның екі ірі кен орны – Теңіз және Қарашығанақ акцияларының айтарлықтай бөлігіне ие. Корпорация Каспий құбыржелісі консорциумының ірі жеке акционері.

Нәзия Жоямергенқызы, www.ttjk.kz

 

 

Related posts

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІ – ЙОЗГАТ

ttjk

АЛАНЬЯДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

ttjk

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРА