Мазмұнға өту

ҚОСҚҰДЫҚТА БӘЙГЕ ӨТТІ

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері ұйымдастырылды.

Жарыс барысында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында бәйгеге қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді.

Жалпы, республика деңгейінде өткен бәйгеге еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай,  Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Алматы, Талдықорған қалаларының атбегілері қатысты. Соның ішіндегі 25 шақырымдық аламанға 50 сәйгүлік, 15 шақырымдық топ бәйгесіне 40,  8 шақырымдық құнан бәйгесіне 50, 4 шақырымдық тай жарысына 30 ат шабысқа жіберілген.

Жалпы есеп бойынша 100-ден астам тұлпар қатысқан топ бәйгеден – Батыс Қазақстан облысы, құнан бәйгесінен — Ескелді ауданы, тай бәйгеден – Жамбыл ауданы жүлделі орындарға ие болды.

Ал аламан бәйгеде Қордай ауданының тұлпары бас жүлдені жеңіп алып, жүлдеге тігілген «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады.

Ардақ  Қасымхан, Қапшағай қаласы


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6085

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.