«ЕРКІН СӨЗ»-2018 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінің Grand Palace салтанат залында Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Еркін сөз-2018» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын Марапаттау салтанаты болды.

Бас демеуші: «Халық банкі» АҚ. Биыл екінші рет өткізілген Байқаудың маңызына тоқталған «Халық банкі» АҚ өкілі Досбол Арыстанбеков «Еркін сөз» сияқты қаржы-экономика тақырыбына негізделген шаралар Қазақ қоғамының қаржылық сауатын жақсартуға сеп болатынын айтты.

қосымша демеушілер: Elmura, Zugo, Technodom, Kazakhstan Hotel, Tonus фитнес залы, MÜSIAD, TÜKİB.

Қазылар алқасының құрамында ҚР Ұлттық банкі мен Халық банкі, қаржыгер, экономист, тәуелсіз журналистер болды. Олар: Рақымжан Елшібаев, Мақсат Халық, Ержан Әбіш, Досбол Арыстанбеков, Жанахмет Ағыбаев.


Жеңімпаздарды құттықтауға елімізге танымал журналистер – Жүсіпбек Қорғасбек, Берік Бейсенұлы, Жұлдыз Әбділда, Айнұр Сембаева, Қанат Әбілқайыр, Алмат Исаәділ т.б. бар.  Сонымен, «Үздік мақала» аталымы бойынша жүлдегерлер:
Бас жүлде – «Ана тілі» газетінің тілшісі Дина Имамбаева;


Ынталандыру сыйлығы – «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Мұрат Аяғанов;

«Алғыс хат» – «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арнұр Асқаров. «Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша жүлдегерлер: Бас жүлде – (egemen.kz) «Егемен Қазақстан» газеті ресми сайтының тілшісі Бауыржан Мұқан;

Ынталандыру сыйлығы – Atameken Business chanel арнасының ресми сайты abctv.kz Фархат Əміренов;


«Алғыс хат» – Atameken Business Chanel телеарнасының ресми сайты abctv.kz тілшісі Қанат Махамбет.
«Үздік телесюжет» аталымы бойынша жүлдегерлер:
Бас жүлде – «Хабар24» телеарнасының тілшісі Мерей Мұратханқызы;

Ынталандыру сыйлығы – «Жетісу» телеарнасының тілшісі Алмат Талғатұлы.


«Еркін сөз» шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін арнайы марапатталғандар:
Гүлбаршын Сабаева («Информбюро»);
Даяна Тоқберген («Заң» газеті);
Ақбота Мұсабек («Ана тілі» газеті).
Байқаудың Марапаттау салтанатында Түркітілдес журналистер қорының жанынан құрылған Жас журналистер мектебінің тəлімгерлері де «Алғыс хатпен» жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Биыл екінші рет ұйымдастырылған «Еркін сөз» шығармашылық байқауына қаржы, экономика, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм т.б. салалар туралы қазақ тіліндегі материалдар қабылданды. Байқауға «Үздік мақала», «Үздік телесюжет», «Сайттағы үздік мақала» аталымдары бойынша Қазақстанның барлық аймағынан БАҚ өкілдері қатысты. Биыл Бас жүлдеге 500 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалса, Ынталандыру сыйлығына 50 000 теңге сыйақы бар. Сонымен қатар демеушілер тарапынан заттай да сыйлықтар таратылды.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Байланыс телефоны: 8 778 878 3408

Related posts

ӘЙЕЛ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ журналистер бас қосты

Назия Жоямергенқызы

YAFEM 18. TÜRK BOYLARI KÜLTÜR ŞÖLENİ 9. TÜRK DÜNYASI GAZETECİLER BULUŞMASI YALOVA DEKLARASYONU

Назия Жоямергенқызы

Бибигуль Тулегенова: Мы даем старт молодым певцам в творческую жизнь