АЛАНЬЯ-АНТАЛИЯ ЖОБАСЫ

 

«Түркітілдес журналисте қоры» 2017 жылдың 2-6 қазанында Түркияның Аланья және Анталия қаласында журналистерге арналған жобасын жүзеге асырады. Қатысушылар: журналистер, пиаршылар, баспасөз хатшылары, smm мамандары.

Жобаға қатысушылар Аланья қаласында екікүндік семинар-тренингке қатысып, халықаралық сертификат алады, Аланья мен Анталиядағы телеарна, радио, газеттер редакцияларында тәжірибе алмасып, Журналистер одағы мүшелерімен танысады. Сондай-ақ, Аланья әкімімен ресми кездесу бар.

Жоба ақылы. Қосымша ақпарат үшін 8 778 878 3408 нөміріне хабарласуға болады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Қор үш жылдан бері қазақ журналистерге арналған тегін семинар-тренингтер, шеберлік сабақтары, пресс-турлар, дөңгелек үстел, конференциялар т.б. ұйымдастырып келеді.

2016 жылы Алматы, Астана, Атырау қалаларына 100-ден астам журналистің басын қосып, екікүндік тегін семинар-тренинг өткізді. Шараға Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Астана, Өскемен, Павлодар, Ақтау, Атырау, Қарағанды қалаларындағы БАҚ-та қызмет ететін әріптестер қатысты. Басты мақсат – журналистердің кәсіби білігін жетілдіру, мультимедиалық журналистиканың жаңалықтарын меңгеру, тәжірибе алмасу. 2017 жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Кирения, Фамагуста, Никосия қалаларында қазақ журналистер үшін пресс-тур, Туризм мен қоршаған орта министрі, Ұлттық білім министрі және Ақпарат министрімен кездесу ұйымдастырды. Сондай-ақ, биыл тамыз айында Стамбұл, Ескішаһар, Йалова қалаларына да арнайы сапар ұйымдастырылған.

Алдағы уақытта БАҚ өкілдеріне арналған жобалар жалғасын табады.

Нәзия Жоямергенқызы,

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

НЕСІБЕҢДІ НЕСИЕ ЖЕП ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫ НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

ttjk

ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ: «ӘР БАЛА МЕКТЕПКЕ ЛАЙЫҚ»