«IITU Robocon Games» чемпионаты

2019 жылдың 31 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа Astana IT университетінде оқушылар арасында робототехникадан «IITU Robocon Games» бесінші республикалық чемпионаты өтті.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командалары робототехника саласындағы чемпион атану үшін бір сайыс алаңа жиналды. Бес ай бойы 30 мектеп өкілдері Arduino микроконтроллер негізінде екі роботты әзірлеумен айналысты, олардың негізгі мақсаты белгілі бір уақыт ішінде ойын алаңында берілген командаларды орындау, атап айтқанда: ақылды қала қызметіне көмектесу, нақтырақ айтқанда, қала тазалығын сақтау, саябақтардағы, шағын бақтардағы гүлзарларды күту, тез дайындалатын тағамдарды жеткізу, жүргізушісіз такси және гид қызметін көрсету.

Оқушылар арасындағы «IITU Robocon Games» жарысы дарынды жастарды анықтап ғана қоймай, робототехниканы дамытып, робот жасаудың халықаралық стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді», – деді өз сөзінде Инновациялық техникалық колледжінің директоры Медет Тұрғамбаев.

«Бес жыл ішінде робот жасау бойынша чемпионат жас қазақстандықтардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына өз үлесін қосты. Жарыстың көптеген қатысушылары қазақстандық және шет елдік жетекші ЖОО-на түсті. Чемпионатқа әр түрлі жастағы мектеп оқушылары қатыса алады және өздерінің ерекше роботтарын жасау кезінде қатысушыларда soft skills дағдылары қалыптасады. Қазіргі кезде оны болашақ дағдысы деп те атайды. Оған топта жұмыс істеу, жаңаша ойлау, қызметтік сауаттылық, өзгерістерге тез бейімделу және т.б. жатқызуға болады. Бұл – чемпионаттың негізгі мақсаттарының бірі»,- деп «Зере-Жанашыр» қорының директоры Майраш Тайкенова мәлімдеді.

«Биылғы жылы біз Қазақстан Республикасымен табысты ынтымақтастықтың 26 жылдығын атап өтудеміз», – деп «Шеврон» компаниясының өкілі Айнур Сыдыкова хабарлады. – «Осы жылдар ішінде біздің әлеуметтік инвестицияларымыз ел азаматтарының әлеуетін дамытуға жұмсалды. Нақтырақ айтсақ, біз бірнеше жыл бойы техникалық білім беруді дамыту жөніндегі бағдарламаларымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын «IITU Robocon Games-ке» де демеушілік жасадық».

Arduino негізіндегі роботтарды жасау балаларға роботтарды құрастыру, электрониканы пайдалану және бағдарламалау дейінгі толық циклын үйретеді. Мұндай өңдеу Lego EV3 конструкторы негізінде роботтарды құрастырудан әлдеқайда күрделі және STEM-білім беру қағидаларына сәйкес келеді (S – science, T – technology, E – engineering, M – mathematics, яғни жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика). Қазақстандағы STEM-білім беруді дамыту – «Шеврон» компаниясының басты мақсаттарының бірі.

Байқау жеңімпаздары:
1 – орын – М. Ганди атындағы №92 арнайы лицей (Алматы қ.)
2- орын – «Inventive» робототехника академиясы (Алматы қ.)
3 – орын – Ы.Алтынсарин атындағы № 159 гимназия (Алматы қ.)
«Үздік инженерлік шешім» номинациясы бойынша – Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық физика-математика мектеп-интернаты (Алматы қ.)
«Үздік идея үшін» номинациясы бойынша – «Компьютерная Академия Шаг» филиалы (Алматы қ.)
«Үздік робот дизайны үшін» номинациясы бойынша – Назарбаев Интеллектуалды мектебі химия-биология бағыты (Алматы қ.)
«Үздік Дебют» – Балалар және жасөспірімдер орталығы (Шахтинск қ.).

Байқау жеңімпаздары демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, 1,2,3 орын иегерлері Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде (ХАТУ) және Astana IT university-де (AITU) оқуға гранттар мен жеңілдіктер алды.

Ұйымдастырушы: «Зере-Жанашыр» жеке қайырымдылық қоры және Инновациялық техникалық колледж.

Серіктестер: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және Astana IT university

Бас демеуші: «Шеврон» корпорациясы өз қызметін әлемнің 90-нан астам елінде жүзеге асыратын және мұнай-газ өнеркәсібінің барлық спектрінде жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. «Шеврон» Қазақстанның екі ірі кен орны – Теңіз және Қарашығанақ акцияларының пакетіне ие. Корпорация Каспий құбыр консорциумындағы ірі жеке акционер болып табылады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Astana IT university (Мәңгілік ел даңғылы, С1).

Ұйымдастырушылардың байланыстары:

Инновациялық техникалық колледжінің директоры
+ 7 (777) 807 54 27 Тургамбаев Медет Камалович
e-mail medet.turgambayev@gmail.com

АҚ ХАТУ «Мехатроника және зияткерлік жүйелер» лабораториясының меңгерушісі
+ 7 (775) 220 54 36; Кәрімжан Нұрлан Берлібекұлы
e-mail: nkarimzhan@iitu.kz

Related posts

НИКОТИНІ БАР ӨНІМДЕРДІ САТУҒА ШЕКТЕУ

ttjk

Özbekistan 17 yıl sonra tekrar Türk Konseyi Zirvesinde

ttjk

ТҮРІК КОФЕСІ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

ttjk