Halyk Bank  «Бөпе» науқанын іске қосты. Балаңыз үшін қажет әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу үшін не істеу керек?

Алдағы үш айда ата-ана атанатындар үшін жақсы жаңалық. Неге десеңіз, олар біріншіден баланы дүниеге әкеліп өмірдегі ең бақытты сәтті сезінсе, екіншіден балаға қажетті әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігі бар.

Halyk Bank балаларды қорғау күніне орай жаңа «Бөпе» науқанын іске қосты. 2022 жылғы 1 маусым және 31 тамыз аралығында Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы дүниеге келген балаға жәрдемақыны онлайн ресімдеген азамат бағалы сыйлықтардың біреуін ұтып ала алады: бас жүлде — көпфункционалды балаға арналған арба — трансформер. Атаулы сыйлық тоғыз адамға табысталады. Сондай-ақ, 30 нәресте бақылаушысы және 90 жергөк ұтысқа тігілді.

Айта кетейік, бұған дейін бала дүниеге келген, бірақ әлі жәрдемақы ресімдеп үлгермеген адамдар да науқанға қатыса алады. Кез келген ата-ана науқан кезеңінде жәрдемақыны Halyk Homebank арқылы онлайн ресімдесе, онда автоматты түрде қатысушы атанады.

Ұтыс ойынның бірінші кезеңі жеңімпаздарын 2022 жылғы 15 шілдеге дейін анықтайды. Оған 2022 жылғы 1-30 маусым аралығында балаға онлайн жәрдемақы ресімдегендер қатысады. Екінші кезең 2022 жылғы 20 тамызға дейін және оған 1-31 шілде аралығында онлайн жәрдемақы ресімдеген жандар қатысады. Одан ары, ұтыс ойынның соңғы кезеңі 2022 жылғы 16 қыркүйегіне дейін және атаулы кезеңде Halyk Homebank арқылы балаға онлайн жәрдемақы рәсімдегендер қатысады.

Ұтыс ойын банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирінде өтеді. Жеңімпаздар кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен анықталады. Ұтыстың ашықтығы мен әділ өтуін арнайы құрылған комиссия бақылайды. Ұтыс ойынның әр кезеңінің нәтижесі банктің ресми сайтында жарияланады. Сондай-ақ, банк қызметкерлері жеңімпаздарға қоңырау шалып жеңісі туралы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айынан бастап Halyk Bank Halyk Homebank қосымшасы арқылы дүниеге келген баланың жәрдемақысын онлайн рәсімдеу мүмкіндігін іске қосты. Жәрдемақы алуға өтінім беру үшін Halyk Homebank қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру, «баланың тууы бойынша жәрдемақы» бөлімін таңдау, баланың деректерін растау және ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет. Өтінімді жолдағаннан және оны мақұлдағаннан кейін тағайындалған төлем сомасы туралы хабарлама келеді. Сондай-ақ, қызметті бала туылғаннан кейін бір жыл ішінде кез келген уақытта ресімдеуге болады.

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны ресімдеу арқылы акцияға қатысу мүмкіндігінен бөлек Halyk Homebank мобильді қосымшасында ата-аналар баланың туу туралы куәлігін алуға өтінім бере алады. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Туу туралы куәлік алу» қызметін таңдап, қысқаша электронды сауалнаманы толтыру қажет. Құжат дайын болған кезде хабарлама жолданады. Одан ары ресімдеу кезінде өзіңіз көрсеткен ХҚКО бару арқылы туу туралы куәліктің түпнұсқасын алуға болады.

Halyk Bank жақын арада ата-ана атанған жандарды құтықтайды және баланың дүниеге келуін күтіп отырғандарға тек амандық тілейді!

Related posts

Экс-шенеуніктің ұлы шешесін ұрып-соққан

editor

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

editor

Hocalı Soykırımı Dünya medyasında

ttjk