ТОРОСЛАРДА ТҮРІК ДҮНИЕСІНІҢ САМАЛЫ ЕСТІ

Торослар муниципалитетінің мүдделі тарапы болып табылатын 20-шы Мерсин халықаралық музыка фестивалі аясында әлемге әйгілі Қазақстандық «Тұран» этно-фольклорлық тобы Торослар муниципалитетінің амфитеатрында мыңдаған тыңдармандарымен кездесті.

Торослар мэрі Атсыз Афшин Йылмаз, музыка фестиваліне арнайы шақырылған топпен сахнада бірлесе өнер көрсетіп, көрермендерге үлкен тосын сый жасады. Мэр Йылмаз Торослар тауында тігілген жергілікті киіммен сахнаға шығып, Тұран этно-фольклорлық тобымен «Anayurt marsi» шырқады. Торослар тауынан бүкіл әлемге, бірлік пен ынтымақтың ең әдемі суреті бейнеленді.

Концертте «Anayurt marsi» шырқалды. Барлығы бір ауыздан: «Өзбек, түрікмен, ұйғыр, татар, азер, олар бір ру, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, бір текті» деген сөздермен концерттегі пейіл шарықтады. Төраға Йылмаз «Anayurt marsi» сөзі мен музыкасын әлемге жеткізген Мехмет Сабир Каргерге алғысын білдірді.

Серік Нұрмолда, Бауыржан Бекмұханбет, Мақсат Медеубек, Ержігіт Әліұлы және Жанту Дәдібайлардан құралған топ ескі ұлттық аспаптардың үнін заман талабына сай орындап, концертте өнер сүйер қауымның қошеметіне бөленді.

МЭР ЙЫЛМАЗ «МЫҚТЫ ТУРКИЯ» ТАҚЫРЫБЫН АШТЫ.

Өз сөзінде ол: «Біз осы теңгерімсіз әлемге тепе-теңдік әкелетін Түрік мемлекеттері ұйымының белсенділігімен әлеуметтік, саяси, экономикалық, және мәдени қарым-қатынасымызды одан әрі дамытуымыз керек.

Гази Мұстава Кемаль Ататүріктің мәлімдегеніндей, Мықты Түркияда өмір сүріп, ұлтымыз бен мемлекетіміздің одан әрі мықты болуы үшін, қыран құстай шығыс пен батысты айырмауымыз керек. Алланың қалауымен біздің күшімізде осы – бірлік. Концертке қатысқан барша жерлестеріме алғыс айтамын», – деді.

ФЕСТИВАЛЬ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ЯГЖЫ, «АТСЫЗ МЭРІМІЗ ӘРҚАШАН БІЗБЕН БІРГЕ».

Мерсин халықаралық музыка фестивалі басқарма төрағасы Селма Ягжы: «Әрқашан бізбен бірге болған Мэріміз Атсыз Афшин Йылмазға алғысымды білдіргім келеді» – деді. Төраға Йылмаз, Мерсин қаласына халықаралық фестиваль жариялаған, Селма Ягжы мен атқару комитетінің мүшелеріне алғыс білдірді.

ТӨРАҒА ЙЫЛМАЗДАН «TURAN» ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ТОБЫНА ЕРЕКШЕ СЫЙЛЫҚ!

Төраға Йылмаз концерттен кейін «Тұран» этно-фольклорлық тобына естелік тақтасы, және өте ерекше топтамасымен алғыс айтты. Төраға Йылмаз топ мүшелеріне екі күміс монета сыйлады;

“Түркия Республикасында 2021 жылы басылған екі күміс теңге бар. Бұлар менің коллекциямнан. Соның бірі Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай басылған. Бұл монетада “Түркі” сөзі жазылған. Қазақстанды көктүріктердің, ғұндардың, сақтардың және Алтын Орданың мұрагері, түрік әлемінің жүрегі деп атайды. Біз үшін бұл теңгелер өте құрметті. Екіншісі, Ғұн мемлекетінің күміс теңгесі. Оны біздің топ мүшелеріне ұсынамын» – деді. Туран этно-фольклорлық тобы төраға Йылмазға, қонақжайлылығы мен түрік әлеміне берген құрметі үшін алғыс айтып, сый-сияпат жасады. Мұнан соң төраға Йылмаз топ мүшелерін Булуклу ауданында Куваймиллие бас кеңсесіне қабылдап, кеңсемен таныстырды. Мұсалы Махаллесінде топ мүшелері және жерлестерімен бірге дастархандас болған президент Йылмаз мәдени мұраны құрметтейтінін тағы бір көрсетті.

 

 

 

 

Related posts

Cтамбұл «2024 жылы саяхаттауға лайық ең жақсы 50 жер» қатарына енді

Назия Жоямергенқызы

ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР ҚОРЫНЫҢ БАЛЫКЕСИР ЖОБАСЫ

Назия Жоямергенқызы

Cтамбұлдағы ең үлкен Рами кітапханасы

ttjk