Сайрандағы тәтті мақта сатушысының суреттері алматылықтардың ашуын келтірді

Сайран көліне тәтті мақта дайындайтын ыдысын жуған саудагердің әрекеті қазақстандықтардың ашуын туғызды. СЭБ өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде Сайранда түсірілген жарияланым қызу талқыға түсті. Желі қолданушысы көл жағасында темір ыдысты жуып жатқан ер адамның суреттерін жариялады. Жазба авторының айтуынша, бұл адам тәтті мақта сатумен айналысады және осы ыдысты пайдаланады.

«Не көргенімізді қараңыз: тәтті мақта сатып тұрған адам оны дайындайтын ыдысты тура су қоймасында жуып отыр. Бұған не дейсіздер?» — делінген жазбада.

Threads скриншотыСондай-ақ желіде рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алу кезінде сақ болуға шақырды.

Threads скриншоты

СЭБ не дейді?

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭБД) жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Рұқсат етілмеген сауда орындарында тамақ өнімдерін сату тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, өйткені санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын, өнімді сақтау және сату жағдайларын, сондай-ақ сатушылардың жеке гигиенасын бақылау мүмкін емес», — деп хабарлады ведомство.

Су сараптамасы

Айта кетейік, мамырда мамандар Сайран көлінің суынан микробиологиялық, санитарлық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша сынамалар алған болатын.

Алмалы ауданы бойынша нәтижелер мынадай болғаны хабарланды: су ЛІТ (лактоза-оң ішек таяқшалары) индексі және еріген оттегі деңгейі бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді. Санитар дәрігерлер былтырғымен салыстырғанда жағдайдың өзгермегенін: судың әлі де санитарлық-химиялық нормативтерге сай емес екенін мәлімдеді.

«Аудандық басқармалардың мамандары биыл суды ластаушы көздерді анықтаған жоқ. Бірақ біз негізгі себеп салалар арқылы келетін ластану болуы мүмкін деп есептейміз. Сайранға Үлкен Алматы өзені құяды, ал оған жоғарыдан түсетін дүниенің бәрі (тұрмыстық қалдықтар, қоқыс, кәріз сулары) соңында көлге жиналады. Бұл зертханалық нәтижелермен расталып отыр: ішек таяқшасы — нәжістік ластану салдары», — деп хабарлаған еді мамырдың аяғында ведомство өкілдері.

Сарапшылар аптап ыстықта инфекциялардың таралу қаупі артатынын ескертеді. Жоғары температура ауру тудыратын бактериялар мен вирустардың тез көбеюіне ықпал етеді, бұл қарапайым санитарлық талаптарды сақтамауды өте қауіпті етеді.

Tengrinews.kz

Related posts

Глава МВД Турции: Террористическая атака направлена ​​на объекты турецкой аэрокосмической компании TUSAŞ

editor

ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

Назия Жоямергенқызы

Шеврон және ҚазМұнайГаз стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Назия Жоямергенқызы