Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

MV Hondius кемесінде болған франциялық әйелдің хантавирус жұқтырғанын анықтайтын ПТР-тест нәтижесі оң шықты. Бұған дейін осы кемеде ауру ошағы тіркелген еді. Бұл туралы Францияның денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді.

«Бұл әйел круиз лайнерінде болған. Ол кеше елге оралды, түнде жағдайы нашарлап, хантавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті», — деді Рист.

Франция денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір әйел инфекциялық ауруларға маманданған ауруханада жатыр.

Бұл — Франциядағы хантавирус жұқтырған алғашқы адам. Ел билігі әйелмен байланыста болған 22 адамды анықтады. Үкіметтің баспасөз хатшысы Мод Брежонның айтуынша, билік инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу үшін «барынша қатаң шаралар» қабылдап жатыр.

«Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ екенін тағы да баса айтқым келеді. Кейінгі жылдары бастан өткерген оқиғаларды ескере отырып, бәріміздің бойымызда болуы мүмкін қорқынышты түсінемін», — деп атап өтті Мод Брежон.

Бұған дейін MV Hondius кемесінен түскен бес франциялық мінген ұшақ Париж маңындағы Ле Бурже әуежайына қонған болатын. Олардың төртеуінен алынған ПТР-тест нәтижесі теріс болып шықты.

Аса қауіпті хантавирус ошағы Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған Нидерландының MV Hondius круиз лайнерінде анықталды. ДДСҰ жеті адамның вирус жұқтырғанын растады, үш адам көз жұмды. Өткен жексенбіде MV Hondius кемесі Канар топаралындағы Тенерифе аралының жағалауына жетті.

Кеше Испанияда және Атлант мұхитының оңтүстік бөлігіндегі Тристан-да-Кунья топаралында екі адамның хантавирус жұқтырғаны анықталған. Дүйсенбіде MV Hondius кемесінен эвакуацияланған АҚШ азаматынан хантавирус табылды. Өз кезегінде Польшада хантавирус жұқтырды деген күдікпен бір адам санитарлық бақылауға алынды.

Tengrinews.kz

Related posts

Жаңа заң, жаңа Қазақстан

ttjk

Знаменитые турецкие десерты

Назия Жоямергенқызы

Алматыда Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс екі айға шектеледі

Назия Жоямергенқызы