ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЖЕР ЖӘННАТЫ — АЛАНЬЯДА

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен, қазақ журналистер Түркияның Стамбұл, Бұрса, Аланья қалаларында болып қайтты. Бұрсада Анадолы спорт журналистер ассоциациясының ұйымдастыруымен өткізілген «Спортта зорлық-зомдылыққа жол жоқ» тақырыбындағы Туризм және спорт саммитінен кейін қазақ журналистер сапарды Аланьяда жалғастырды. Түркітілдес журналистер қорының Аланья қаласының әкімдігі, Аланьяны таныту қоры (ALTAV), Аланья Сауда және өнеркәсіп палатасы (ALTSO), Аланья журналистер одағы, AntEXPO-мен бірлесе отырып жүзеге асырған жоба шеңберінде қазақ журналистер Аланьяның жергілікті билік өкілдерімен және кәсіпкерлерімен, БАҚ өкілдерімен кездесті. Қазақы дәстүр бойынша Аланья әкіміне шапан жабылды.

Сондай-ақ, жуырда ғана қала халқына пайдалануға берілген аспалы жоқ, Аланья қамалы, Қызыл мұнара, RINARBAŞI-дағы DİMÇAYI т.б. көркем жерлерінде болды.

Тарихы көне палеолит дәуірінен бастау алатын Аланьяда бүгінде 200 мыңнан астам халық бар. Аланья әкімі Адем Мурат Юджел мырзаның айтуынша, жаз мезгілінде бұл көрсеткіш 900 мың мен 1 миллионға дейін жетеді екен. Өйткені Аланья туризмі мен қызмет көрсету сапасы жағынан әлем бойынша алда тұр. Түбір бір түркінің қанында бар қонақжайлықтан Аланья әкімі кенде емес. Ол қазақ журналистерге арнап, Жерорта теңізінің жағалауынан дастарқан жайды.

2016 жылы ашылған Газипаша әуежайы былтыр 800 мың туристі қабылдаған. Биыл бұл межені 1 млн 500 мыңнан асыру көзделіп отыр. Оған негіз жоқ емес. Өйткені Аланья туризм мен құрылыс нысандарының сапасы жағынан халықаралық стандарттарға сәйкес әрі көне шаһар сырттан турист қабылдайтын қонақүй, апартамент, пәтер, хостель т.б. саны жағынан  Стамбұлдан кейін екінші орында тұр.

Бүгінде 12 000 мүшесі бар (оның 800-ге жуығы — шетелдіктер) Аланья Сауда және өнеркәсіп палатасының басшысы Мехмет Шахин мырза бүгінде Аланьядан 38 мың шетелдіктің жылжымайтын мүлік сатып алғанын, бұл бекер емес екенін айтты: «38 мың жатжұрттық Аланьяны бекер таңдаған жоқ. Бұл – ауа райы мен табиғатына жайлылығына, жеке бас қауіпсіздігі жоғары деңгейде қорғалатынының кепілі».

Жерорта теңізінің жағалауына орналасқан қала тек жағажайда Күнге қыздырынумен шектелмейді,        спорт туризміне де көңіл бөлінген. Мәселен, қалада 3 стадион, 10 футбол клубы, 20 теннис корты, 1 жастар спорт орталығы, 5 гольф алаңы салынған, су шаңғысы, судағы волейбол т.б. спорт түрлері кеңінен таралған. Білімге келсек, алақандай Аланьяда бірі – мемлекеттік, бірі жекеменшік 2 жоғары оқу орны бар. Жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер үшін ARMANI, VERSACE, GUESS тағы басқа халықаралық брендтердің дүкендері  қызмет көрсетеді. Антальядан 138 шақырым қашықтықта жатқан Аланьяға Инжекум, Конаклы, Авсаллар, Махмутларт.б. курорттық қыстақтар кіреді.

Жердегі Жәннат — Аланьяға қазақ журналистер ғашық боп қайтты. Туризм, спорт, қызмет көрсету саласы т.б. өзгелерден оқ бойы озық тұрған аланьялықтардан үйренеріміз көп. Сол себепті Т.үркітілдес журналистер қоры жақын келешекте Аланья қаласындағы серіктестермен біріге отырып, ортақ жобалар жасауға келісті.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАРҒА — «САМҒАУ» БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛІ

ttjk

АҚПАРАТ МИНИСТРІ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

Қазақстанда тұңғыш рет мобильдік қосымшаға арналған онлайн курс іске қосылды

editor