«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2022 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Түркітілдес журналистер қоры және “Шеврон” компаниясының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында өтетін “Әлеумет – қоғам айнасы” шығармашылық байқауының ережесі.

«Әлеумет – қоғам айнасы»-2022 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Жалпы ережелер

  1. «Әлеумет – қоғам айнасы» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалары бойынша серіктестерінің жобаларын насихаттау, әлеуметтік сала туралы жазатын журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және ынталандыру мақсатында өтеді.
  2. Байқаудың міндеттері:

Әлеуметтік тақырыпқа жазатын БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін көтеру;

Журналистерді ынталандыру;

  1. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру 2022 жылдың 9 қазанында өтеді.
  2. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Қазылар алқасының шешімімен жүзеге асырылады.
  3. Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
  4. Қазылар алқасы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерін іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

 

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

әлеуметтік жобалардың маңыздылығын жан-жақты ашып көрсету;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

  1. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру  “Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті  бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

  1. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже қазақстандық БАҚ-та жарияланады.

  1. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.
  2. Байқауға қатысу шарттары

Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға  қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ журналистері шақырылады.

  1. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалары туралы материалдар қабылданады.

2022 жылдың 29 шілдесінен 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін Қазақстандағы сайт, портал мен газеттерге жарияланған мақалалар қабылданады.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) және Word нұсқасы ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері (сайт, портал, онлайн газеттер) жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап, cілтеме жолдауы қажет. Сонымен қатар Уорд нұсқасы да тіркелуі шарт.

Материалдар мемлекеттік  тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2022 жылдың 20 қыркүйегі, сағат 23:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.

  1. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Журналист ұсынатын материалдардың санында шектеу жоқ.

Жұмыстар Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

  1. Байқаудың өту кезеңдері

Алғашқы кезең.

Ұйымдастыру комитеті «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестері мен БАҚ өкілдері арасында кездесу ұйымдастырады. Кездесуде Байқауды өткізу және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Қазылар алқасы белгілейді. Қазылар алқасы өз жұмысының нәтижесі бойынша Байқау жеңімпаздарын айқындайды.

15.Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі аталымдар бойынша Байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

2 ынталандыру сыйлығы

 

  1. Жеңімпаздарды марапаттау.

Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді Байқауға қабылдамауға;

қандай да бір үміткерге қатысты Қазылар алқасының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

  1. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

  1. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

  1. Байқау комиссиясының міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

*Байқау комиссиясы мүшесінің Байқауға қатысуына жол берілмейді.

  1. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

А) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

Ә) Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

Б) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

  1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

А) Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

Ә) Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

А) Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

Ә) Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

  1. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

  1. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

 

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39 А.

Байланыс телефоны: +7 775 166 8920; электронды пошта: aleumettikbaykau@gmail.com

 

Related posts

Музей, демонстрирующий всемирное наследие: Эфес

Назия Жоямергенқызы

Халық банкінде 10 минутта есепшот ашыңыз

ttjk

АҚШ елшісі Атыраудағы ең ірі STEAM орталықта оқушылармен кездесті

ttjk