АЛАНЬЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, қазақ журналистер Аланья Журналистер одағында қонақта болды.

Журналистер одағында алаьняилық әріптестермен кездестестен бұрйын біз алдымен Аланья Журналистер одағының басшысы Мехмет Али Дим мырзамен бірге Аланья қаласының әкімі Адем Мурат Юджел мырзаның қабылдауында болып, әкімге қазақы дәстүр бойынша шапан жаптық.Ал Одақ ғимаратындағы кездесуде Мехмет Али Дим мырзаға қазақтың қара домбырасын сыйға тарттық.

Ал Түркітілдес журналистер қорының жобасын жүзеге асыруға көмектескен Одақ басшысының орынбасары Гайе Джошкун ханым мен басқа әріптестерге кәдесыйларымызбен алғыс айттық.

Аланья Журналистер одағына қарасты газет және телеарна редакцияларында қонақта болып, тәжірибе алмасқан қазақ журналистердің көңілге түйгені көп. Әсіресе, Интернет телеарна арқылы-ақ тікелей эфирге шығып, қолдағы барды ұқсата алған аланьялықтардың кәсіби шеберлігіне тәнті болды. Аланьялық әріптестер қазақ журналистерге арнап, дастарқан жайды.

Әріптестік кездесу соңында Түркітілдес журналистер қоры мен Аланья Журналистер одағы арасында кәсіби серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға сеп болатын Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандум нәтижесінде, қазақ пен түрік журналистер турзим, спорт, журналистика, білім, экономика және рухани салада ортақ жобалар жасалады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

22-Й МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТЕАТРАЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ САБАНЧИ

YAFEM 18. TÜRK BOYLARI KÜLTÜR ŞÖLENİ 9. TÜRK DÜNYASI GAZETECİLER BULUŞMASI YALOVA DEKLARASYONU

Назия Жоямергенқызы

ТҮРКИЯДАҒЫ ТРОЯ МУЗЕЙІ

ttjk