ҚҰДЫС ҚОЖАМИЯРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ

Алматы қалалық әкімдігінің Мәдениет және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен, бүгін Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында КСРО халық артисі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Құдыс Қожамияровтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты кеш өтті.

Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрі мен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік академиялық хордың сүйемелдеуімен өткен кеште композитордың «Назуғум», «Садыр Палуан», «Ризвангүл» опералары, «Чин Томур» балеті, «Гүлден Жетісу!» ораториясы, «Вәтән» контатасы және т.б. музыкалық шығармалары ойналды. Композиторды еске алу кешіне Жамилә Баспақова, Төлеген Рахымбаев, Мүсілім Әмзе т.б. белгілі өнер қайраткерлері қатысты.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

БАЛЫКЕСИРМЕН БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

Назия Жоямергенқызы

«ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ»-2020

Назия Жоямергенқызы

KKTC Turizm ve Çevre Bakanı Antalya’da