ҚАЗАҚСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚЫМБАТТАДЫ

Қазақстанда COVID-19 басталғалы бері ішкі нарықта азық-түлік пен бірқатар тауарлар бағасы қымбаттаған.

Бүгін ҚР сауда және интеграция министрлігінің ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров БАҚ өкілдеріне Қазақстан аумағындағы баға саясаты, азық-түлік пен тауарлар құны және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің ақысын тұрақтандыру жайлы әңгімеледі.

Ешназаровтың айтуынша, 2020 жылдың басынан бері халық күнделікті тұтынатын азық-түлік 5,4 пайызға дейән қымбаттаған. Жаз ортасында сәл төмендеген баға қазан айында қайта көтерілген. Әсіресе, жұмыртқа — 6,9 пайызға, қант — 4 пайызға, күнбағыс майы 1,6 пайызға қымбаттапты.

Жұмыртқаның қымбаттауын құс тұмауынан 1 жарым миллион тауықтың өлгенімен байланыстырған шенеунік жем-шөп құны 15-20 пайызға артқанын айтты. Ал қант пен күнбағыс майы бағасының шарықтауына импорттың азаюы мен отандық өндіріс көлемінің қысқаруы, Ресейден келетін қанттың қымбаттауы себеп болған.

Сурет: almaty-akshamy.kz

Related posts

Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Назия Жоямергенқызы

Түркі кеңесінің VIII саммиті басталады

ttjk

ТҮРКИЯДАҒЫ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ

ttjk