ШЕТ ЕЛДЕРГЕ ҰШАҚ РЕЙСТЕРІ ШЕКТЕЛДІ

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 6 қазаннан бастап мемлекеттік шекарасында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік күшейтілген.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинятованың айтуынша, автомобиль өткізу пункттері арқылы 73 мыңнан астам ҚР азаматы мен шетелдік көліктер шекарадан өткен. Келген жолаушылар саны – 21 279. Олардың алты мыңға жуығы карантиндік стационарға жатқызылса, 122 адамнан коронавирус анықталды.
2020 жылдың 26 қазанынан бастап Украина, БАӘ, Германия, Беларусь Республикасы, Түркияға қатынайтын ұшақ рейстері шектелген.
Сурет: www.funik.ru

Related posts

Атырауда семинар (видео)

ttjk

Атырауда тәлімгерлер әлеуметтік кәсіпкерлікті үйренді

ttjk

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens Energy компаниясының басқарма төрағасы Кристиан Брухпен кездесті