Жедел жәрдем қызметкерлері бейне жетондармен қамтамасыз етіледі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті.

Оның айтуынша, күн тәртібінде кәсіптік қызметіне байланысты денсаулығына зиян келуі мүмкін медицина қызметкерлерін сақтандыру мәселесі тұр.

«Біз бұл мәселені кеше ғана барлық жедел медициналық көмек ұйымдарының басшыларымен талқыладық. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының тәжірибесі негізінде оларды бейне жетондармен қамтамасыз ету мүмкіндігі пысықталып жатыр.Ендігі жерде бұл нормативтік тұрғыда реттелетін болады», деді министр.

Related posts

Жаңа Салық кодексі бизнесті теңгерімдеуді және ынталандыруды қамтамасыз етеді

Назия Жоямергенқызы

Алматыда мектеп оқушыларына арналған STEAM кеңістігі ашылды

ttjk

«Қауіпсіздік – ең маңызды талап»: қазақстандықтарға бірнеше әуе рейстері кейінге қалдырылатыны ескертілді

Назия Жоямергенқызы