«Қазақстан» қонақүйіне пресс тур

Бүгін «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының басшысы, ұстазым Нәзия Жоямергенқызы бастаған журналистер, Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі, 4 жұлдызды «Қазақстан» қонақүйіне пресс турға бардық. Өте ерте уақыттан бастап Алматы қаласының символына айналған, «Қазақстан» қонақүйі, бүгінде Алматы қаласының ғана емес, күллі еліміздің көз тартарлық ғимараттарының бірі болып отыр. Бүгін бізді қонақүй басшылары жылы қарсы алып, қонақүйдің тариxынан бастап қазіргі таңдағы жаңалықтарына дейін бөлісіп, онымен қоймай құр қол жібермеді.

Жалпы айтқанда қонақүй ғимаратында 150 офис, 350 бөлме бар. Осындай көп бөлме болуының өзі басқа қонақүйлерден артықшылығымыз дейді, қонақүйдің Бас директоры Шенол мырза. Себебі басқа қаладан не мемлекеттерден келген қонақтар 2-3 қонақүйлерге бөлінбей, «Қазақстан» қонақүйіне келсе болады. Қазір қонақүйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда ол қонақүй жұмысын тоқтатты деген сөз емес. 10 бөлмеден бастап, бітісімен келесі 10 бөлмеге көшіп, жөндеу жұмыстарын бітіруде. Ғимаратта жиналыстар, семинарлар, мәслиxат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асxана, іскерлік кездесулер өткізуге арнарған арнайы бөлмелер бар. Болашақта «Қазақстан» қонақүйінің «Алтын Тәжіне» xауыз(бассейн) салынбақ.

Жанға жайлы, қазақтың ұлттық нақышын сақтап келе жатқан, «Қазақстан» қонақүйінің көркейе беруіне тілектеспін! «Қазақстан» қонақүйіне келіңіздер!

Жұлдыз Ерік

Related posts

АТЫРАУДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР СЕМИНАРЫ фоторепортаж

Назия Жоямергенқызы

«ГАЛАТАСАРАЙ – АЛМАТЫДА

Назия Жоямергенқызы

Алтын тəжді «Қазақстан»

ttjk