Алатаудың Алтын тәжі

Алматылықтарды білмедім, бірақ оңтүстік астанаға келген қонақ ең биік ғимаратына шығып, шаһардың көрінісін, Алатаудың сұлулығын көргісі келеді. «Қазақстан» қонақ үйі талай жыл бойы елдің осы ізгі арманын орындап келеді. Орталық Азиядағы 100 метрден асқан санаулы ғимараттардың бірі тек қана Алматының емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы.
Маңдайында төрт жұлдызы жарқыраған отелде 350 бөлме, 600 кісілік салтанат сарайы, 300 кісілік мейрамхана, одан бөлек тағы екі мейрамхана (бірі 25 қабатта), караоке, анау, мынау, не керек бәрі бар. Бөлмелерінің бағасы 25 000 мен 65 000 арасында. Басқа отельдермен салыстырсақ баға оңтайлы. Банкет өткіземін десеңіз 3 түрлі меню бар. Күміс – 22 000, Алтын – 26 000, Платина – 29 000. Клиенттің жағдайына қарап басқа түрін де ұсына алады екен. Мысалыға – қола. Бастысы келген қонақты кері қайтармау керек дейді отельдің F&B менеджері Шенол Йорганджи мырза.

P.S.: Бала кезімде менің Қызылордамда 9 қабатты екі-ақ үй болатын. Одан биік тек телемұнара. Әлгі тоғызыншы қабатта тұру әр баланың арманы болған шығар. Тіпті тұрмай-ақ, тек бір рет көтеріліп көрсек дейтінбіз. Тап сол биіктіктен шағын шаһарымыз ашса алақанымызда, жұмса жұдырығымызда болатындай көрінетін. Сондай көпқабатты үйлердің көп болуын, одан биік етіп салынуын тілейтінбіз. Ол арманымыз орындалмаған күйі Алматыдан бір-ақ шықтық. Сөйтсек мұнда одан да биік, 25 қабатты алып ғимарат бар екен. Тоғызыншы қабатқа жете алмаған басым, 25 қабатты енді қашан көреремін деп жүргенімде 30-ға толыппын. Кеше түркітілдес журналистер қорының жетекшісі Нәзия Жоямергенқызы хабарласып, 25 қабатқа көтерілгің келе ма дейді.

Құдай-ау бұл звоногыңызды бақандай 30 жыл күттім ғой дедім.

Аскар Беков

Related posts

АТЫРАУДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР СЕМИНАРЫ фоторепортаж

Назия Жоямергенқызы

Түркі елдерінен «Жылдың ең үздігі» атанғандар марапатталды

ttjk

СҰЛУ СТАМБҰЛ (фоторепортаж)

Назия Жоямергенқызы