АТЫРАУҒА «ХАЛЫҚТАН» КӨМЕК

«Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрғындарына 1000 пульсоксиметр, 100 жылжымалы оттегі концентраты, «Авифавир» медициналық препаратының 100 қаптамасын жолдады.

Бүгінгі таңда Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққандардың ең көп саны тіркелген өңір, сондықтан бұл өңір медициналық жабдықтарға зәру. Осыған байланысты «Халық» қайырымдылық қоры сатурация мониторингі және коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын 1000 пульсоксиметр, 100 жылжымалы оттегі концентраты, стационарлық жағдайларда коронавирус инфекциясының ауыр жағдайларын емдеуде әлемдік тәжірибеде қолданылатын «Авифавир» медициналық препаратының 100 қаптамасын жолдады. Жабдықтар мен дәрі-дәрмектер Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына медициналық мекемелерге тарату үшін жеткізілді.

Осы аптаның басында қор Атырау облысының тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға COVID-19 емдеу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер, ең қажетті азық-түліктер, тазалық және антисептикалық заттардан тұратын салмағы 60 тоннадан асатын 1000 жиынтық таратылды.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап, «Халық» қайырымдылық қоры Қазақстанда коронавирус инфекциясы салдарын жоюға және күресуге бағытталған үлкен игі істер атқарды, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 20 000-нан астам азық-түлік жиынтығын тегін таратып, медицина қызметкерлеріне ақшалай төлемді берді және қажетті жабдықтар: ИВЛ аппараттары, ПЦР зертханалары және жедел жәрдем машиналарын табыстады. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы — 5,5 млрд теңге.

Related posts

Kırgızistan-Türkiye Cengiz Aytmatov Kültür Merkezi

ttjk

Сочи тауларында Еуразияның тау курорттарыныңалғашқы фестивалі өтті

ttjk

ЦЕРЕМОНИЯ ЧЕСТВОВАНИЯ ЛУЧШИХ ОФИЦЕРОВ

Назия Жоямергенқызы