Астанада Тәуелсіздік күніне орай республикалық қолөнер жәрмеңкесі өтеді

Астанада 13–15 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік даңғылы 34 мекенжайында орналасқан «Astana Mall» сауда-ойын-сауық орталығында ұлттық өнердің ұлы керуені — «Ұлы дала қолөнершілер керуен көшi» республикалық қолөнер жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.

Бұл шара — жай ғана жәрмеңке емес, қазақтың терең тамырлы өнерін, ұлттық нақышын, дәстүр мен заманауи стильді тоғыстыратын ерекше мәдени кеңістік. Мұнда келушілер еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлердің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды көріп, ұлттық өнердің жандануына куә бола алады.

Жәрмеңке аясында: қазақтың төл қолөнер туындыларының көрмесі, ұлттық стильдегі сән көрсетілімі, танымал қолөнершілер мен дизайнерлердің қатысуымен шеберлік сабақтары, этномәдени бағдарлама және авторлық бұйымдарды сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкенің басты мақсаты — ұлттық өнердің дамуына серпін беріп, қолөнер шеберлерін қолдау және тұрғындарға ерекше этномәдени атмосфера сыйлау.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін. Шара жайлы толық ақпарат: 8 747 140 81 47.

Related posts

Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті

Қазақстанда еңбек нарығы қалай дамиды?

Назия Жоямергенқызы

Қарағанды облысындағы дәмханада газ баллоны жарылып, адам шығыны тіркелді

Назия Жоямергенқызы