Алматы әуежайында жанармай көлігі ұшақтың қозғалтқышын зақымдады

13 қазанға қараған түні Алматы халықаралық әуежайында оқыс жағдай тіркелді. Жанармай таситын көлік тұрақ аймағынан қозғалған сәтте әуе кемесінің қозғалтқыш бөлігіне тиіп, оның сыртқы қаптамасына зақым келтірген.

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға шамамен сағат 01:25-те, ұшаққа жанармай құю жұмыстары аяқталғаннан кейін болған. Инженерлік-техникалық мамандардың алғашқы тексерісі барысында қозғалтқыштың қаптамасынан ұсақ беткі сызаттар анықталған.

Ақаудың ауқымы тексерілген соң, ұшақтың ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейтіні расталып, әуе кемесіне әдеттегі тәртіппен ұшуға рұқсат берілді.

Қазіргі таңда әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қосымша зерттеу мен қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

Баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты ресми түсініктеме беріп, келесіні мәлімдеді:

“Жолаушылар мен экипаж мүшелерінен туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Әуежайдың тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуі – біздің басты басымдығымыз болып қала береді.”

Related posts

Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

editor

Жаңа жылда отандық зымыран тасығыш ұшырылады

editor

Жүк әуе кемелерін бажсыз әкелу, азаматтық қорғаныс өніміне қойылатын талаптар және мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуді арттыру: ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындысы

Назия Жоямергенқызы