Ashyq сервисі Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді

Қоғамдық орындарға кіру үшін енді Ashyq сервисі бар Halyk Homebank қосымшасын пайдалануға болады. Жоба Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асырылды. Айта кетейік, Halyk Bank клиенттері үшін Halyk Homebank қосымшасында Ashyq сервисін қосу және өшіру мүмкіндігі енгізілді. Яғни, банктің клиенті Halyk Homebank қосымшасындағы Ashyq сервисін қолдана ма, әлде жоқ па өз еркінде. Қазіргі уақытта функционал Android пайдаланушылары үшін қолжетімді, iOS пайдаланушылары үшін – жақын арада пайда болады.

«Ashyq сервисі енді Halyk Homebank қосымшасында – бұл біздің танымал қосымшамызды қолданатын 6,5 миллионнан астам ел азаматы денсаулығына қауіп төндірмей қоғамдық орындарға бару мүмкіндігін алды деген сөз. Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске қосылды. Мемлекеттік органдармен осындай бірлесе атқарған жұмыс және Halyk Bank-те іске қосылатын технологиялардың арқасында біздің клиенттеріміздің мүмкіндіктері үнемі кеңейіп отырады. Halyk Homebank қосымшасын және оған біріктірілген Ashyq сервисін пайдалана отырып, қазақстандықтар сүйікті орындарына кедергісіз бара алады», – дейді Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

«Біз пандемия кезінде бизнеске көбірек мүмкіндік беру және халық арасында жұқтыру қаупінің төмендеуіне ықпал етуге деген ниетімізді Halyk Bank басшылығы қолдады. Енді Ashyq сервисін Halyk Homebank қосымшасындақолдануға болады. Банктің бизнесті қолдау туралы біздің ұсынысымызды қабылдағаны жоғары әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді! Ірі коммерциялық құрылымдармен ынтымақтастық мемлекеттік қызметтердіңұсынылуын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті инновациялар және аэроғарыш қызметі цифрландыру министрі Бағдат Мусин.

Halyk Bank өз клиенттері үшін арнайы Halyk Homebank қосымшасында Ashyq сервисін қосу және өшіру мүмкіндігін енгізді. Сервисті іске қосу немесе оны қосымшада өшіру – банк клиентінің өз еркінде. Егер клиент Ashyq сервисін қолданамын деп шешім қабылдаса, онда қажетті мекемеге бару кезінде Halyk Homebank қосымшасын ашыңыз, функционалды қосыңыз және мекеменің кіре берісінде орналасқан Ashyq бағдарламасының QR-кодын сканерлеу қажет. Нысанғакіруге рұқсат беретін тиісті мәртебе көрсетілгеннен кейін мекеме қызметкеріне кіруге рұқсат мәртебеңізді көрсету қажет.

Halyk Homebank қосымшасы арқылы QR сәйкестендіруді қажет етпей-ақ кез келген уақытта өз мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасына кіріп, басты беттегі Ashyq бөлімін таңдау қажет. Қоғамдық орындарға кіруге рұқсат беретін немесе шектейтін мәртебе смартфон экранында көрсетіледі.

Қазіргі уақытта қосымшада берілген мәртебенің 4 деңгейібар:

Қауіпсіз – ешқандай шектеулер жоқ, ПТР тесті теріс

Бейтарап – Шектеулер тек ПТР сынағы қажет ететін жерлерде ғана

Байланыс – объектілерге баруды ішінара шектеу

Жұқтырған – қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілмейді. ПТР сынағы – оң.

Сервисті пайдалану үшін Halyk Homebank қосымшасын жаңартыңыз

Related posts

РУМЫНИЯНЫҢ НАЗАРЫ – ТҮРКИЯДА

ttjk

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНАН САУАПТЫ ІС

ttjk

КҮЗДІҢ КЕРЕМЕТІН КАПАДОКИЯДА КӨРІҢІЗ

Назия Жоямергенқызы