Асхат Аймағамбетов: Білімсіз психологтар қаптап кетті

Парламент  Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда білімі жоқ психологтар қаптап кеткенін айтты.

Мәжілістің кулуарында ол БАҚ өкілдеріне берген пікірінде психологиялық қызметті жетілдіруге арнайы заң дайындалып жатқанын жеткізді. «Қазір интернет беттерін, әлеуметтік желілерді ашып қарасақ, қаптаған психологтар. Тіпті ешқандай білімі жоқ, ешқандай курстардан да өтпеген азаматтар психологпын деп түрлі кеңестер беріп жатады. Сондықтан оларды мүмкін сертификаттаудан өткізу керек, қандай бақылау жүйесі қажет, қосымша курстар қажет, деген сұрақтарға жауап беруіміз керек», деді депутат.

Оның айтуынша, пандемиядан кейін психологиялық-психикалық ауытқулар күрт нашарлаған. Психологиялық-психикалық ауытқулар күрт өскен. Әлеуметтік желілер мен смартфондардың ықпалы бар деген бірнеше жақсы зерттеулер бар. Әсіресе қыз балаларға үлкен кері әсері бар деген зерттеулер де кездесіп қалады. «Осы туралы әлемдегі топ кітаптардың бірі былтыр шықты. Онда АҚШ-та, Ұлыбританияда психологиялық аурулар қалай күрт өскені туралы ақпараттар бар. Азаматтардың психологиялық денсаулығын қолдау үшін кешенді жұмыс жүргізуіміз керек. Осы мәселе бойынша біз арнайы заң жобасын қарастырып жатырмыз»,  деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Related posts

İstanbul’s Grand Bazaar hosts almost 40 million visitors in 2022

ttjk

Международная благотворительная инициатива #ЩедрыйВторник второй год в Казахстане

ttjk

«Atyraý» газетінің 100 жылдығына мемориалдық тақта ашылды (+ФОТО)

ttjk